Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 5020 2 пікір 24 Шілде, 2017 сағат 01:29

Жампозов өлімі. Оқиғаға қатысы барлар заң алдында жауапқа тартылады

Оқиға болған күні Бас Прокурор, яғни 2017 жылдың 20 шілдесінде іске қатысты барлық мән-жайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы өкілді ауданға жіберді.

Қазіргі таңда О.А.Жампозов бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отырған қылмыстық іске қатысты прокурордың ұстанымы қаншалықты негізді екенін анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Сонымен қатар Бас прокуратурамен өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша іс Целиноград АІІБ қозғалып, ҚР ІІМ қайта жүктелді. Сотқа дейінгі алдын ала тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау Астана қаласының прокуратурасына жүктелді. Егер жоғарыда аталған факт расталған жағдайда, осы оқиғаға қатысты тұлғалардың барлығы заң алдында жауаптылыққа тартылатын болады.

О.А. Жампозов пен өзге де бес азаматқа қатысты бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық істі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеу жұмыстарын жүргізді.

Осы оқиғаға байланысты 2017 жылдың 24 шілдесінде облыс прокуратурасынан осы іс бойынша жаңа прокурор сот процесінде сот тергеуiн қайта бастау туралы өтінішхатты мәлімдейді.

Прокуратура атқарылған жұмыстарды қоғам назарына мәлімет үшін жеткізіп отыратын болады.

Бас прокуратура О.А. Жампозовтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Сондай-ақ іске қатысты барлық жайтты толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілетініне кепілдік береді.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434