ЕҚЫҰ-ның Астанадағы форумы дайын шешімдер саммиті болмайды – Назарбаев
Астана. 10 қараша. ҚазТАГ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы форумы дайын шешімдер саммиті болмайды. Бұл туралы ол Euronews телеарнасының тілшісі Константино де Мигельге сұхбат беру барысында мәлім етті, сұхбат мәтіні сәрсенбі күні «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.
«Астана форумының дайын шешімдер саммиті болмайтынын да айқын түсінген жөн. Біз “Ванкуверден Владивостокқа дейінгі” қауіпсіздік кеңістігі тұжырымдамасынан еуроатлантикалық және еуразиялық қоғамдастықтың бірегей де бөлінбейтін қауіпсіздігін құруға қарай табандылықпен қозғалудың жаңа стратегиялық бағыты мен іс-қимылдар жоспарын белгілеу мақсатын алға қойып отырмыз. Ол ортақ құндылықтар, принциптер мен міндеттемелер негізінде құрылған, қауіпсіздіктің бөлу сызықтары мен түрлі деңгейлерінен ада қоғамдастық», - деп атап өтті президент.

Ол Астана Саммиті тек бір жағдайда ғана нағыз тарихи саммит бола алады дейді. Бұл 56 мүше-мемлекет пен үкіметтердің басшыларына ЕҚЫҰ тек “қырғи-қабақ соғыс” кезінде ғана емес, сонымен бірге бүгінге дейін де қазіргі заманғы жаһандық саясат пен экономиканың жанды бітіміне тығыз кіріккен белсенді дамып келе жатқан құрылым екенін іс жүзінде дәлелдей алғанда ғана мүмкін болмақ. Осынау көкейкесті міндетті шешудегі табыс кепілі – ЕҚЫҰ шеңберінде қордаланған проблемалар мен қарама-қайшылықтарға саламатты, салқынқанды және прагматикалық тұрғыда талдау жасау», - деді Н.Назарбаев «бұл кездесу шынымен де тарихи болуы үшін жоғары деңгейлі кездесудің негізгі нәтижелері қандай болуы керек?» деген сұраққа жауап бере отырып.
Мемлекет басшысы кездесуді ЕҚЫҰ-ның бірегей және бөлінбейтін қауіпсіздігін нығайтудағы, қазіргі бар дау-жанжалдарды шешу мен жаңаларының алдын алудағы тиімділігін күшейте түсу үшін пайдалану қажет деп есептейді. Ол тиімділік трансұлттық қатерлер мен экономикалық және экологиялық проблемалармен күресте, ұйым жауапкершілігі аймағында адамның құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз етуде қажет.
«Астанада бізге қарапайым қарау-жарақтарға жалпыеуропалық бақылау орнату режімін нығайту саласындағы нақты мақсаттар мен міндеттерді алға қою қажеттілігі тұр. Яғни, ол сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту, терроризмді, жаппай қырып-жоятын қару-жарақ таратуды, ұйымдасқан қылмысты, адамдар саудасы мен есірткінің заңсыз айналымын, киберқылмыс пен жеңіл және отты қаруларға байланысты проблемаларды қоса алғандағы трансұлттық қауіп-қатерлерге жауап беру», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, Н.Назарбаев Ауғанстан мен Қырғызстандағы тұрақтылыққа ықпал жасауға және тиісінше, дәстүрлі еуразиялық өлшемді толықтыра түсетін қауіпсіздіктің жаңа еуразиялық компонентін бекітуге деген біздің берік ұстанымымызды тағы да атап көрсету орынды деп санайды.
«Еуроатлантикалық және Еуразиялық қоғамдастық қауіпсіздігінің ұзақ мерзімді жоспарын жасаудың дәл өзінен мен “Хельсинки рухына” жаңаша жарқын кел бет пен қуат беретін “Астана рухы ның” квинтэссенциясын көріп отырмын»,-деп есептейді ол.
Оның бағалауынша, дау-жанжалдардың алдын ертерек алу мен жоюдың, дағдарыстарды реттеу мен жанжалдардан кейінгі қалпына келтірулердің ұжымдық тетіктерін жетілдіру тағы бір басымдық болып табылады. «Оны жасау қажет, өйткені ЕҚЫҰ кеңістігінде ондаған ықтималды дау-жанжалдық өңірлер бар», - дейді президент.
Оның пікірінше, сондай-ақ, ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық себетінің басымдықтарын да қарау қажет. Ол ең алдымен, қаржылық-экономикалық әлем құрылымының жаңа моделін құру, сол сияқты ЕҚЫҰ кеңістігіндегі экологиялық апаттарға, бірінші кезекте Арал апатына, ұжымдық іс-қимылдар қалыптастыру жөніндегі біздің күш-жігерлеріміз болып табылмақ.
«Астанада біздің Жалпыға ортақ адам құқықтары декларациясына деген берік ұстанымымызды тағы да айғақтай түсуіміз қажет. Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау мен ынталандыру мемлекеттік басқарудың негіз қалаушы мақсаттарының бірі және қазіргі заманғы тәртіптің негізі болып табылады. Адам құқықтары мен еркіндіктерінің идеалдары мен құндылықтарын, толеранттылық пен ашықтық стандарттарын біз бәріміз сан жылдық қиналыстар арқылы қалыптастырған болатынбыз. Бұл оларды біздің осы саладағы саясаты мыз дың мызғымас негізіне айналдырады», - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
ЕҚЫҰ-ның үшінші себеті бойынша да біз толеранттылық пен қысым көрсетпеуді нығайту жөнінен міндеттемелер қабылдауды ұсынамыз, деді Н.Назарбаев.