Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 6555 8 пікір 25 Шілде, 2017 сағат 08:35

Мырзан Кенжебай. Кеңдігі де кесір болды қазаққа

Маңдайына бақ бітпеген бір елі

Шалқарда бір шал бар еді киелі

«Тойғанға мәз жүре берсе, бұл қазақ

Қабыл болмас деуші еді еш тілегі»

 

Байлығын да айта берме даланың,

Байлық деген бақыт емес қарағым,

Ерсі ұранға ере бермей,

Ес жиып,

Мына өзбек ұлтына да бір қарағын.

 

Басшылары ана тілін баптайды,

Ұл мен қызы салт-дәстүрін сақтайды,

Сатылмайды «коммунизм келед» – деп

Уәдемен ағызсаң да ақ майды

 

Аузын тырнап бүгін бітеу жараның,

Сол бір қайран қартымды еске аламын

Еске аламын

бірақ есі кірмейтін

Қазақ деген ержетпейтін баламын.

 

Қаңғы қаптап, тырнағыма тұрмас кіл,

Жал-жаяма ауыз салған мың қасқыр

«Ақ мол болсын!» – деп тілесем  Наурызда

Айран  емес ішетінім – «Фудмастер»

 

Елу жылдан соң келер деп ғажап күн

Өзімді алдап, өзгелерге мазақпын,

Бұл байлықтың жоғы жақсы ед барынан

Өз байлығы соры болды-ау қазақтың

 

Мөңке айтқан «дүдәмалдау» дінім бар,

Мөңке айтқан «алашұбар» тілім бар.

Көк тиындық пайдасы жоқ қазаққа

Күнаратпа форумдар бар, жиын бар

 

Мұнайым бар, мұнай емес – мұңым бар,

Ураным бар, уран емес – уым бар,

«Байқоңырда бақыт құсы – «Протон»,

десе сенем, – бірің өліп бірің қал!»

 

«Төрге шықсын басқалардың басы» - деп

Құдайым-ай, неге мұнша жасық ек?

«Келер күнің болады, – деп, – күмәнді» –

дәл келді ғой Мөңке айтқан қасірет

 

Ит иіскемес тоз-тоз болды-ау айналам,

Шар болаттай шарт етеді қай балаң

Батыр едік, аңқау сәби болдық-ау

Ойыншық қып құмға қылыш қайраған.

 

Іздегенге тегін байлық – аз бақ па –

Келіп жатыр арамза да, кәззап та

Ой мен қырға қаңғыманы қаптатып

Кеңдігі де кесір болды-ау қазаққа

Abai.kz

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394