Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 11 Қараша, 2010 сағат 07:16

Cара Тыныштығұлова. «Шалап» сияқты әншілер қаптап кетті

- Отбасың, ошақ қасың -қашанда қасиетті құтхана. Ол - қадір тұтып, сүйіспеншілік сезім арналған жер. Бар жақсылықтың басы. Әңгімемізді өміріңіздегі елеулі қуанышыңыздан бастасақ...

- Екінші немерем өмірге келді. Ту­ғалы жанымда: күлгенін де, жылағанын де көріп әже болып отырған жағдайым бар. Бұдан артық қандай қуаныш болуы мүмкін?!

Ылғи гастрольдік сапарларда жүріп, отбасыма қарай алмадым. Түнде жылап, көрпеге «мама» деп жазып қоятын баламды қолыма 10 жасқа толғанда бір-ақ  алдым. Қазір ол: «Немерелеріңді асыра енді, маған қарамап едің», - деп әзілдейді.

- Бауы берік болсын! Неме­ре­ңіз­дің алды мектеп табалды­рығын аттаған да болар?

- Иә. Бір ауыз қазақша білмейтін немеремді қазақ мектебіне бердім. Мектеп оқушыларының бағдарла­ма­сында көптеген олқылықтар көзге ұра­ды. Бағдарламаға ХІХ-ХХ ғасырдағы дү­ниені, қазіргі заманға керегі жоқ шы­ғар­маларды енгізген. Өте қиын. Жанында сағаттап отырып, оқуына көмек­тесемін.

- Білім мен өнерді шығарма­шы­лық жолына қалай жалғадыңыз?

- Отбасың, ошақ қасың -қашанда қасиетті құтхана. Ол - қадір тұтып, сүйіспеншілік сезім арналған жер. Бар жақсылықтың басы. Әңгімемізді өміріңіздегі елеулі қуанышыңыздан бастасақ...

- Екінші немерем өмірге келді. Ту­ғалы жанымда: күлгенін де, жылағанын де көріп әже болып отырған жағдайым бар. Бұдан артық қандай қуаныш болуы мүмкін?!

Ылғи гастрольдік сапарларда жүріп, отбасыма қарай алмадым. Түнде жылап, көрпеге «мама» деп жазып қоятын баламды қолыма 10 жасқа толғанда бір-ақ  алдым. Қазір ол: «Немерелеріңді асыра енді, маған қарамап едің», - деп әзілдейді.

- Бауы берік болсын! Неме­ре­ңіз­дің алды мектеп табалды­рығын аттаған да болар?

- Иә. Бір ауыз қазақша білмейтін немеремді қазақ мектебіне бердім. Мектеп оқушыларының бағдарла­ма­сында көптеген олқылықтар көзге ұра­ды. Бағдарламаға ХІХ-ХХ ғасырдағы дү­ниені, қазіргі заманға керегі жоқ шы­ғар­маларды енгізген. Өте қиын. Жанында сағаттап отырып, оқуына көмек­тесемін.

- Білім мен өнерді шығарма­шы­лық жолына қалай жалғадыңыз?

- Лепсінің құмынан шығып, Мұқан Төлебаев, Еркеғали Рахмадиев білім алған мектепте оқыдым. Мәскеудегі эс­трада студиясын, Қазақ Мемлекеттік уни­верситетінің филология факультетін бітірдім. Жамал апайға шәкірт болып, үйінде тұрдым. Филармонияның көр­кем­дік жетекшісі Е.Рахмадиев «Жер жаннаты Жетісудің, Лепсінің қыздары осындай талантты болады», - деп, фи­лар­­монияға жұмысқа алған болатын. Өнер­ге келгеніме биыл 50 жыл болды. Үсті­міздегі жылдың ақпан айында екі оркес­трдің сүйемелдеуімен 21 ән айтып, жеке концертімді бергенмін. 12 қарашада «Қазақконцерттің» 50 жыл­дығына ар­нал­ған концертке дайындалудамын.

- Өнер адамдары өзімшіл болмаса, биікке шыға алмайтыны рас па?

- Өзімшілдік - тек өзім ғана болып, бас­қаның жолы болмаса екен дейтін іші тар жандарға тән қасиет. Мұн­дай іштарлық менің табиғатыма жат.

- Сонда өнерде бақталастық жоқ деп айта аласыз ба?

- Достоевский: «Адал адам адалды­ғымен өзіне жау жинайды» деген екен. Өнерге әр әнші өз деңгейімен келеді. Басқаны қайдам, өзім осы бір бақта­ластықтан қорлық көрген адаммын. Аяғымнан шалған адамның кім екенін де білмейтінмін. Елім, жерім, Отаным деп өмір сүріп келемін. Шетелдің қай түк­пірінде жүрсем де, «қазақтың әншісі шетелдің әнін айта алады екен» деп тамсанатындай ізденіспен еңбектендім. Вьетнам, Моңғолия, Германия, Бельгия жерлерінен көптеген марапатқа ие болдым. Содан енді, бақталастық тумағанда қайтсін?

- Қазір әншілердің компьютер­лен­ген дауыстарын бір-бірінен ажырата алмаймыз. Сіздің дауысыңыз несімен ерекше?

- Менің дауысым - «контральто» дау­ыс. Бұл, «тенор» сияқты, әйелдердің ең тө­менгі дауысы. Әнді айтқан кезде қомақ­ты диапазонға жеткізе алатын­дығымен ерекше.

- Өнер бағытындағы көздеген межеге жеттім деп ойлайсыз ба?

- Қазір жағдай қиын. Мысалы, бір жаққа барып, ән салғың келеді. Қанша сақылдап, ән айтып тұрғаныңмен, оны ұйымдастыру үшін үлкен қаражат керек. Жатар орын, жол шығыны - барлығы кезекте тұрады. Адам өле-өлгенше көзде­ген межесіне жетуге талпынса да, ол әркез мүмкін бола бермейді. Мәселен, үш бөлмелі үйде бес адам қанша жылдан бері тіршілік кешудеміз. Пәтер мәселесі мені қатты қинайды. Жағдай жасау үшін бару керек, жүру керек. Өзім сұрағанды, біреуге жалынып жүгіргенді ұнатпайтын адаммын.

- Әншінің бәрі фонограммасыз ән айтуға «анау» жоқ, тойға шықпайық десек «мынау» жоқ деп, «жылай» бергенше, сол «жоқтың» кілтін басқаша жолмен табуға болмай ма?

- Ұсыныс айту оңай, орындалуы қиын ғой. Әншілер, әрине, фонограммамен айтады. Өйткені оркестр алып жүру мүмкін емес. Таза оркестрге аранжировка жасау үшін ең арзан баға - 1000 доллар.

Өткен жолы 21 әнімнің екі-үшеуінің өңделуіне филармония көмек­тесті және де «Отырар сазында» бар аранжировканы өз дауысыма лайықтап айттым. Әншілердің жағдайын түсіне­мін. Егер халық жанды дауысты естігісі келсе, әнші «акапельно» айтып берсін.

- Жан дүниеңіздің тасасында қалып қойған өнерді көрсете алмадым, көрсетуім керек еді деген «әттегенайларыңыз» бар ма?

- Әрине, бар. Киноға түскен жоқпын, кітап жазбадым, дискім шықпады. Өкіметтің тапсырмасын орындаймын деп, концерттен бас көтермедім.

- Бірде-бір диск шығара алмадыңыз ба?

- Кеңес Одағының кезінде Мәскеу­ден бірнеше пластинкам шыққан. Егемендік алғалы бері менде қаражат жоқ. Тапқан айлыққа тамақ ішіп, киін­бейміз бе, енді? Концерттік киімге де­меуші көмектеспесе, оған шамам кел­мейді. «Жақсылықтың ерте, кеші жоқ». Оған Мәдениет министрлігі көмектессе деген ойым бар. «Мен де бір кірпіш дүниеге...» деген сияқты ғой. Әндерім ха­лық аузында жүр, дискім шықса, таза қазақтар сатып алатынына кәміл сене­мін.

- Кітап жазсам дегеніңізге қарағанда, түрлі толғаныстар сұранып тұр ма?

- Кеңес Одағын түгел араладым. Сібірде, түрлі шетелде, Ауғанстанда, Чернобыль апатында, ауылда, шопандар ортасындағы болған оқиғаларды кітап­қа жазар болса, менің өмірімнен өте қыз­ғылықты дүние баяндалар еді. Ертең өліп кетсем, ұрпағым көріп отырар есте­лік те керек қой.

 

Адамдар бірін-бірі қудаламаса екен

 

- «Арсыз болмай атақ жоқ, алдамшы болмай бақ қайда» деген ғой Абай. Атаққа деген қызығушылық көңіліңізді мазаламай ма?

- Атақ алу үшін айлап, жылдап, біреу­лердің артынан жүгіру керек. Шетелден алған 3 медаль, Кеңес Одағынан алған 9 медалім бар. Польшаға бар­ғанда поляктар сұрап қоймаған соң, «Халық әртісі» атағын алдым.

Әйтпесе менде мемлекеттік сыйлық та, орден де жоқ. Қазір президенттік стипендияға ие болып жатқандарға қарап, солар қалай алады екен деп ойға шомам. Неге бізге бермейді? Отбасым кеңейді, маған да қаржы керек. Атағы да жақсы.

- «Заманың түлкі болса, тазы боп шал», «Жыламаған бала­ға...» деген сияқты қазақы мақал-мәтелдер бар емес пе...

- Ол да дұрыс. Қатты қиналып бара жатсақ, жылармыз енді... Бәрі де жақсы болады, сабыр сақта деп, өзімді-өзім ылғи қамшылап отырамын. Құдайға шү­кір, дауысым орнында, әлі де ән саламын деп ойлаймын.

- Киноға да үлкен қызығушы­лық­пен қарайсыз. Бұл салаға ай­тылып жатқан сындарға көзқарасыңыз қалай?

- Газет оқығыштардың қатары­нанмын. Өнер мен мәдениет жаңалық­тарын жіті қадағалап отырамын. Жаңа фильмдер, дарынды таланттар шығып жатқанына қуаныштымын. Өмір дегенің ылғи алдыға жылжып отырады. Қазір жаһандану заманы. Киіз үйді алып келіп, сонда отырамын деуге болмайды. Өт­кенді көксей бермей, әр нәрсеге жаңа көзқараспен қарау керек.

- Көгілдір экрандағы түрлі бағ­дарламаларға кілең жас ән­шілер шақырылады. Сонда аға буын өкілдеріне ұсыныс айтылмай ма?

- «Без прошлого нет настоящего, без настоящего нет будущего». Бізде уа­ғыздау деген жоқ. Қалтасы қалың адамдар көрерменді мезі етіп шыға береді, шыға береді. Мәселен, Кеңес Ода­ғынан келе жатқан үлкендерді, мы­на бізді қосып бағдарлама дайындаса, мағыналы әнмен үлкен тәрбие көрсе­туге болады. Әйтпесе компьютермен жазылған сүйдім, күйдім деп той дең­гейінде концерт береді. Сахна деген - киелі дүние. Сахнада адам мына халық­тан да жоғары тұруы керек.

Халыққа өнермен қорек беретін бас­шының тал­ғамы, кәсіби деңгейі биік­тікті қажет ете­ді. Яғни өз тілін, тари­хын, мәде­ниетін, әдебиетін білетін адам басқар­ғаны дұрыс. Қазір олар екі бағытта жұмыс іс­тейді. Біріншісі - баяғы заманды дәріп­теу, екіншісі тек алға жас­тар деген ұран­ды ұстап алған.

- Тойға шақырылып тұрасыз ба?

- Бізде миллионерлер көп. Олар рэп, роктарды қалайды. Талғамға талас жоқ қой. Кейбір жерде анда-санда боламын. Мен де жастарыңнан кем тү­сіп жатқан жоқпын. Халық қошеметі әр­қашан ыстық қарсы алады.

- Кейінгі толқынға көз жібер­се­ңіз, кімнің өнеріне жүрегіңіз жы­лиды?

- Қазір сахнада дикциясы, тембрі жоқ, әйтеуір «шалап» сияқты әншілер қап­тап жүр. «Новая волнаны» Қ.Түнте­ков үшін көрдім. 3-ші орынды алуы керек еді. Соған жүрегім ауырды. «Муз­Арт» тобының жігіттері жеке айтса да, бірге айтса да ерекше, М.Арапбаеваның таби­ғаты жақсы, репертуарын дұрыс­таса - болашағы зор әнші.

- Қоғамда орын алып жатқан қан­­дай мәселеге алаңдау­лы­сыз?

- Бір-біріне жаманшылық ойлайтын адамдар бар сияқты қоғамда. Айта­-рым - бір адамды екіншісі қудаламаса екен. Оған берілген лауазымды адам берді, Алла тағала оны көтерді. «Қуда­лайтын кіммін мен?» - деп, сол адамдар өздеріне сұрау қоюға тиіс. Біреуге жаман­шылық жасауға ешкімнің қақысы жоқ.

- Ал, қолыңызда билік болса ең алдымен қандай мәселеге көңіл бөлер едіңіз?

- Кемпір-шалдардың жағдайын тү­зет­кен болар едім. ТМД-да ең нашар тұратындар - біздің қазақтар. Кеңес Үкі­меті құлаған жылдары таршылықта бір орыс Ресейге көшті. Үйі толы жиһаз, қа­лада 2-3 пәтері бар. Мен, Халық әр­тісі олай тұрмаймын. Ал қаңғырып жүр­гендер - өзі­міздің бауырларымыз. Сол қандас­тарымның тұрмыс жағдайын кө­теріп, жастарға көмектесер едім.  Мен ұлтшыл емеспін. Басқа ұлттың баласын да жүрегім жібіп, жақсы көре­мін. Дегенмен де өз халқымызды сақтау үшін, ең алдымен өзімізге көңіл бөл­ге­німіз дұ­рыс. Кәрі-жасты еңбекке баулып, ал­қаш­тар мен нашақорларды емдеу керек.

- Басқа елден көшірді десе де шоу-бизнес дамып келеді. Соның бірі «Екі жұлдыз» шоу-бағдарламасына қазылық еткенде не байқадыңыз?

- «Екі жұлдыз» бағдарламасында әншілерге 1 баллдың қойылу жүйесі дұ­рыс емес. Ең болмағанда 5-10 баллға дейін көтеру керек. Онда қазылық жасап, рухани шаршап келдім. Сонша ең­бек­тенген әртіске 1 баллдың әсері оны өлтіріп жіберуі мүмкін. Және үлкен ән­шілер­дің қатысуы дұрыс емес, әркім өз орнын білгені жөн.

- Әніңізді естуге құмар ел-жұрт­қа не айтасыз?

- Менің күш-қайратым әнімде, халқымда. Көрермендеріміз бай, ба­қуатты тірлік кешсе, бейбітшілік баянды болса біз де бақытты әнші боламыз.

Әңгімелескен -

Ардақ ИМАНБЕКҚЫЗЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 40 (77) 10 қараша  2010 жыл

«D»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560