Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2661 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 03:13

Асан Қайғы. Қажығұмар Нобель сыйлығын алса қайтер едік?

2010 жылғы Нобель сыйлығын Қытайдағы «адамдардың құқықтары үшін зорлық-зомбылықсыз ұзақ күрес үшін» номинациясы бойынша 54 жастағы қытайлық Лю Сяобоға берілгені белгілі. Алдағы күндері Норвегияның астанасы Осло қаласындағы Лю Сяобоны марапаттау рәсімі өтеді. Оған әлемнің көптеген мемлекеттерінің басшылары, ресми өкілдері, белді саясаткерлері, құқыққорғаушылары жиналады деп күтілуде.

Нобель комитетінің шешімін «өзінің ішкі ісіне араласу» деп тапқан Қытайдың Сыртқы істер министрлігі бұл күндері айрықша белсенділік танытып, осы шараға бойкот жариялау жөніндегі іс-шараларды атқарып жатыр. Қытай өзінің сөзі өтетін, қолы жететін мемлекеттердің барлығына өкілдерін жұмсап, «осыған қатыспағандарыңыз дұрыс болар» деген уәж айтып жатқан көрінеді. Бұның нәтижесінде бірнеше «асқан демократиялық» мемлекет - Ресей, Куба, Марокко мен Ирак «Ослосы құрысын, көрмегеніміз осы болсын» деуге мәжбүр болды.

Өткен жұмада осы «зайырлы, демократиялық» мемлекеттердің қатарына Қазақстанда қосылды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров «Қазақстанның Ослодағы уақытша сенімді өкілі жоспарлы іссапарда болуына байланысты 2010 жылғы Нобель сыйлығын тапсыру салтанатына еліміздің атынан ешкім қатыспайды» деп мәлімдеді. «Мұнда ешқандай саяси астар жоқ», - деп сөзін қорытты Омаров мырза.

Әрине, Қытай - біздің стратегиялық әріптесіміз, аймақтағы бірден-бір ядролық қаруы бар супердержава. Адам құқықтарын қорғағаны үшін өткен жылы он бір жылға бас бостандығынан айрылған Лю Сяобо қазақ билігі үшін ешкім де емес шығар. Таразының бір басына миллиардтаған инвестицияны, екіншісіне бір адамның тағдырын салатын болсақ, кез-келген үкімет, сөзсіз, біріншіні таңдап алары белгілі. Алайда, Қазақстан өзінің стратегиялық басымдықтарын дұрыс таңдай білуі керек. Біз қай бағытта дамып барамыз? Қай елдермен дос болғымыз келеді? Атымыздың қай мемлекеттердің қатарында аталғанын қалаймыз? Осы сұрақтарға кесімді жауап бермей, біздің сыртқы саясатымыз оңбайды. Егер басты басымдығымыз «дамыған елдердің санатына қосылу болса», онда біздің атымыз да, саясатымыз да осы елдердің саясатымен ұстасып отыруы дұрыс. Егер арманымыз «авторитарлық интернационалдан айрылмау болса», онда өмір бойы Қытайды қолдап, Ресей мен Кубаның ізімен жүре бермекпіз.

Тағы бір ой келді. Егер, мысалы, осы жылғы Нобель сыйлығын Лю мырза емес, өз қандасымыз Қажығұмар Шабданұлы алған болса ше? Біздің үкімет «пәлесінен аулақ», Ослоға да бармаймыз, Қытайдан да кетпейміз деп жер тепкілеп отырып алар ма еді? Осы тұрғыда Қытайдан бір нәрсені ғана үйренгеніміз абзал: дүние жүзі құрып бара жатса да, өзінің ұлттық мүддесін мұқият сақтау, содан бас тартпау! Әрине, біз Қытайдай алпауыт ел емеспіз, дегенмен де...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525