Айдос Сарым. Халық санағының деректеріне талдау. 1-ші мақала
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өзінің веб-сайтында 2009 жылғы атышулы, даулы санақтың қысқаша қорытындыларын жариялады. Осыған орай біздер санақтың деректерін талдап, өз ойларымызды ортаға салғанды жөн санап отырмыз.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі өзінің веб-сайтында 2009 жылғы атышулы, даулы санақтың қысқаша қорытындыларын жариялады. Осыған орай біздер санақтың деректерін талдап, өз ойларымызды ортаға салғанды жөн санап отырмыз.
«Қысқаша қорытындыларды» талдау барысында «санақшылардың» ұлт пен мемлекет үшін зор маңызы бар науқанның тарихи және саяси астарларын «ұмытып» кеткені байқалады. Мысалы, Қазақстанда осыған дейін 9 санақтың (1897, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары) өткені белгілі. Өткен жылғы ұлттық санақ қазақтың жаңа тарихындағы оныншы науқан болып отыр. Осы санақтардың сегізін отаршылар өткізсе, екеуі ғана тәуелсіздік жағдайында өткізілді. Осы он санақтың барлығы да даусыз болмады. 1926 жылғы санақ империяның құлап, азамат соғысы, аштық пен халықтың басқа елдерге жапырыла көшуінен кейін өткізілгені белгілі. Ол санақтың нәтижелеріне саясат та, санақшылардың дұрыс тәжірбиесінің болмауы да теріс әсерін тигізді. Өткен он санақтың екеуі - 1937 мен 1939 жж. - «ұрланған» санақтар болып есептеледі. Аштық пен жаппай қуғын-сүргіннің салдарынан КСРО халқының кемігенін көрген Сталин бұл санақтардың «нәтижелерін» жариялауға тыйым салады. Екінші дүниежүзілік соғыстың аласапыранында кейбір деректер бойынша қырық миллионға дейін халқынан айрылған Кеңес үкіметі қорқа-қорқа келесі санақты тек 1959 жылы өткізді. Оның да деректеріне мамандардың айтары көп. Басқаға қарағанда «дұрыс», «таза» өтті деп 1970, 1979 және 1989 жылғы санақтарды атай аламыз. Тәуелсіздік кезеңінде өткен 1999 жылғы санақты орыстар «біздің санымызды әдейі кемітті» деп мойындамаса, 2009 жылғы науқанды осы себепті қазақ көпшілігі мойындамай отыр.
Соған байланысты болар, біздің санақшылар 2009 жылдың деректерін тек 1959 жылдан кейін өткізілген санақтардың деректерімен ғана салыстыруды жөн санапты. Ондағысы қазақтар сталинизм қылмыстарына назар аудармасын, мәселені саясиландырмайық дегені болар...
Халық санақтарының деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны
адам, пайызбен
Халық санағы өткен жыл |
Барлық халық |
%-бен |
Қала халқы |
%-бен |
Ауыл халқы |
%-бен |
|
1959 |
9303801 |
100 |
4138651 |
44,5 |
5165150 |
55,5 |
|
1970* |
13026274 |
100 |
6636116 |
50,9 |
6390158 |
49,1 |
|
1979* |
14709508 |
100 |
7980457 |
54,3 |
6729051 |
45,7 |
|
1989* |
16232324 |
100 |
9269000 |
57,1 |
6963324 |
42,9 |
|
1999* |
14981281 |
100 |
8455783 |
56,4 |
6525498 |
43,6 |
|
2009* |
16009597 |
100 |
8662432 |
54,1 |
7347165 |
45,9 |
* деректер Байқоңыр қаласын қоса қайта есептелген
Жоғарыдағы кстеде көрсетілген деректерді талдап көрелік. 2009 жылғы санақ деректеріне сенсек, ел тұрғындарының саны 16009597 адамға жетіпті. 1959 жылмен салыстырғанда Қазақстан халқының саны 6705796 адамға өскен екен. Негізінен бұл өсім соғыстан кейін қазақтардың жанталасқан демографиялық дүмпуі мен коммунизм құрылыстарына, тың игеруге көптеп әкелінген комсомолдар мен қылмыскерлердің арқасында пайда болды. Қазақстандықтардың саны тек КСРО ыдырап, орыстілділердің өз отандарына жапырыла көшуі кезінде ғана төмендеді. 1989 жылғы халық саны 1999 жылы 1251043 адамға кемігенін көреміз. Өткен он жылда Қазақстан халқы 1989 жылғы сандық деңгейіне қайта жетті. Негізінен бұл өсім - қазақ халқының өсімі болып табылатыны ешкімнің дауын туғызбас.
Тағы бір маңызды мәселе - урбанизация үдерістері. 1959 жылдан 1989 жылға дейін еліміздегі қала тұрғындарының саны тұрақты түрде ұлғайып келген. Кеңес өкіметі құлаған кезде орыстілділердің көптеп көшуі қала мен ауыл тұрғындарының балансына кері әсерін тигізді. Қалаларда «босаған» орынға құлдыраған қазақ ауылының тұрғындары келе бастады. Қисынға салсақ, ауылдықтардың саны кеміп, қалалықтардың үлесі ұлғаюы тиіс болатын. Алайда, іс жүзінде олай болмады. Қазақстандағы біраз қалалардың мәртебесі кент деңгейіне дейін төмендеді. Осы себепті болар ауыл-қала балансы аса үлкен өзгеріске түспеді. 1989 жылы ел тұрғындарының 57,1 пайызы қалаларда тұрса, бүгінгі күні олардың үлесі 54,1 пайызға дейін төмендеді.
Халық санының өзгеруі (өсуі +, кемуі-)**
адам
Халық санағы өткен жыл |
|||||
1970 |
1979 |
1989 |
1999 |
2009 |
|
Барлық халық |
3722473 |
1683234 |
1522816 |
-1251043 |
1028316 |
Қала халқы |
2497465 |
1344341 |
1288543 |
-813217 |
206649 |
Ауыл халқы |
1225008 |
338893 |
234273 |
-437826 |
821667 |
** алдыңғы санақ өткен жылға
Тағы бір назар аударарлық мәселе - аймақ-аймақтардағы демографиялық өзгерістер. 1999 жылдан бері өткен он жылда Республика халқы 6,9 пайызға өскені анық. Аймақтардағы демографиялық өзгерістер бірдей болған жағдайда облыстардың барлығында халық саны осы шамада өсуі тиіс еді. Алайда, еліміздің аймақтарындағы жағдайдың бірдей емес екені хақ.
1999-2009 жылдар аралығында Қазақстанның 7 облысы, Алматы және Астана қалалары тұрғындарының саны артқан. Өсім, байқап отырсақ, негізінен қазақтар мекендеген аймақтардың арқасында мүмкін болып отыр. Мысалы, осы кезеңде Ақтөбе облысы тұрғындарының саны 11 пайызға, Алматы облысы - 16,1, Атырау облысы - 15,9, Жамбыл облысы - 3,4, Қызылорда облысы - 8,6, Маңғыстау облысы - 54,3, Оңтүстік Қазақстан облысы - 24,8, Астана қаласы 86,7 және Алматы қаласы 20,8 пайызға өскен. Бұл қатарда айрықша көзге түсетін аймақ - Маңғыстау облысы. Ондағы демографиялық өсім жергілікті халықтың демографиялық белсенділігі мен оралмандардың көптеп келуімен тікелей байланысты екені түсінікті дүние болар.
Өңірлердегі халық саны және орналасуы
Барлық халық, адам |
|
|||
1999 |
2009 |
в % |
||
Қазақстан Республикасы |
14981281 |
16009597 |
106,9 |
|
Ақмола |
827254 |
737495 |
89,1 |
|
Ақтөбе |
682558 |
757768 |
111,0 |
|
Алматы |
1557269 |
1807894 |
116,1 |
|
Атырау |
440286 |
510377 |
115,9 |
|
Батыс Қазақстан |
616800 |
598880 |
97,1 |
|
Жамбыл |
988840 |
1022129 |
103,4 |
|
Карағанды |
1410218 |
1341700 |
95,1 |
|
Қостанай |
1017108 |
885570 |
87,1 |
|
Қызылорда |
624991 |
678794 |
108,6 |
|
Маңғыстау |
314669 |
485392 |
154,3 |
|
Оңтүстік Қазақстан |
1978339 |
2469357 |
124,8 |
|
Павлодар |
806983 |
742475 |
92,0 |
|
Солтүстік Қазақстан |
725980 |
596535 |
82,2 |
|
Шығыс Қазақстан |
1531024 |
1396593 |
91,2 |
|
Астана қ.ә. |
328341 |
613006 |
186,7 |
|
Алматы қ.ә. |
1130621 |
1365632 |
120,8 |
Дәл осы кезеңде орыстілділердің саны молдау Ақмола облысы халқының саны 10,9 пайызға, Батыс Қазақстан - 2,9, Қарағанды облысы - 4,9, Қостанай облысы - 12,9, Кереку облысы - 8, Солтүстік Қазақстан облысы - 17,8, Шығыс Қазақстан облысы - 8,8 пайызға азайған. Яғни бүгінгі күннің басты мәселесі - өңірлердің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуына халық санының кемуінің кері әсерін тигізбеуі болып табылады. Бұған қол жеткізу үшін адам саны азайған облыстарда ұлттық мүддеден туындайтын демографиялық және миграциялық саясат жүргізу қажет. Оралмандардың негізгі легі оңтүстік аймақтарға емес, дәл осы солтүстік өңірлерге бұрылуы абзал.
Өңір-өңірдегі урбанизациялық үдерістер де әр-түрлі деңгейде дамуда. Соңғы он жылда аймақтардағы қала халқының саны тек Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ғана өскен. Қалған аймақтарда, керісінше, ауыл тұрғындарының саны артып отыр екен.
Өңірлердегі халық саны және орналасуы
Жалғасы |
||||||
қала халқы |
в % |
ауыл халқы |
в % |
|||
1999 |
2009 |
1999 |
2009 |
|||
Қазақстан Республикасы |
8455783 |
8662432 |
102,4 |
6525498 |
7347165 |
112,6 |
Ақмола |
380522 |
341915 |
89,9 |
446732 |
395580 |
88,5 |
Ақтөбе |
377603 |
461050 |
122,1 |
304955 |
296718 |
97,3 |
Алматы |
464953 |
416858 |
89,7 |
1092316 |
1391036 |
127,3 |
Атырау |
242673 |
238936 |
98,5 |
197613 |
271441 |
137,4 |
Батыс Қазақстан |
251670 |
277751 |
110,4 |
365130 |
321129 |
87,9 |
Жамбыл |
452023 |
404535 |
89,5 |
536817 |
617594 |
115,0 |
Карағанды |
1158706 |
1040203 |
89,8 |
251512 |
301497 |
119,9 |
Қостанай |
554112 |
439554 |
79,3 |
462996 |
446016 |
96,3 |
Қызылорда |
389781 |
284248 |
72,9 |
235210 |
394546 |
167,7 |
Маңғыстау |
246848 |
263182 |
106,6 |
67821 |
222210 |
327,6 |
Оңтүстік Қазақстан |
793241 |
972072 |
122,5 |
1185098 |
1497285 |
126,3 |
Павлодар |
511448 |
504579 |
98,7 |
295535 |
237896 |
80,5 |
Солтүстік Қазақстан |
274744 |
237436 |
86,4 |
451236 |
359099 |
79,6 |
Шығыс Қазақстан |
898497 |
801475 |
89,2 |
632527 |
595118 |
94,1 |
Астана қ.ә. |
328341 |
613006 |
186,7 |
0 |
0 |
0 |
Алматы қ.ә. |
1130621 |
1365632 |
120,8 |
0 |
0 |
0 |
Келесі мақала Қазақстанның этникалық жағдайы туралы болмақ...
«Абай-ақпарат»