Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7935 3 пікір 28 Тамыз, 2017 сағат 08:45

4-ші индустриялық революция

Соңғы жылдары мына термин жиі айтылып жүр. Оның мәні - адамзат 3 индустриялық төңкерістен өтті (бу машина, конвейер, автоматты зауыттар), енді 4-шісі жүруде - ІТ мен интернет зауыттарға терең еніп жатыр.

3D-принтер, пилотсыз көлік, Big Data, зауыттағы роботтар - бұл осы төңкерістің белгілері. Бұлар өндіріске енген сайын, тауар саны артты.
Яғни, әлем осы жолмен жүреді. Бірақ қаншама адам жұмыстан босайды. Сол үшін бір мамандықпен шектелмей, мәндес мамандықты қатар алып жүрген дұрыс дейді.

Мәселен, хирург-программист, себебі операцияны роботпен жасайды. Журналист-монтажер-оператор-режиссер. Бәрін өзі түсіріп, өзі монтаждап, эфирге өзі дайындайды дегендей.....

Шопыр, сатушы, фин.аналитик дегендер керек болмай қалуы мүмкін. Себебі көлік адамсыз жүреді (қазір емес). Англияда супермаркетте ақшаны қазір-ақ автоматқа төлейміз, ал жүздеген парақ цифраға фин.анализ жасай беретін программалар шығып үлгеріпті....

Семейдегі фабрика кирзовый етік тігіп жатқанда, Адидас 3D-принтермен кроссовкалар шығарды.

Ал енді біздің қазір 100 гуманитарлық кітапты аударғалы жатқанымыз дұрыс па? Білмедім. Себебі бұл тренд ертең бізге де келеді және уақыттың өзі әр адамның жан-жақты болып, сапалы өнімге жұмыс істеуімізді талап етеді.
Сонда дінтану кітабы да, сакралды орындар да "ұмыт қалып", тек латын әліппесі ғана "тірі қалатын" секілді. Себебі ол нарықтың, дамудың талабына сай келеді.

Тек Илон Масктың идеялары, өнімдері мұнай дәуірін өлтіріп жатқаны айқын...

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318