Жұма, 27 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 7497 1 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 10:01

Мерекеде тегін тағам таратуды тоқтату керек

Өзге өңірлердегі секілді біздің Қостанайда да қала күні аталып өтті. Бәрі де    ойдағыдай. Бәрі де сценарий бойынша. Жылдағы қайтала беретін көрініс. Сахнада атой салып ойнақтаған сол баяғы көршіміздің әншісымақ «келімсектері»...

Алайда айтайын дегеніміз бұл емес. Бұл қала күні дегеніңіз кей-кейде бос       даңғазаға айналып, көпшіліктің көңілін қалдыратыны бар. Мәселен, жылда әлгі мерекеде әртүрлі тағамды аса мол етіп дайындап, мұнда келгендерге тегін таратылып  жүр. Барлық келеңсіз жағдай осыдан туындайды. Бұл жолы мерекені ұйымдастырушылар алмадан жасалған керемет үлкен пирог әзірлепті. Содан кейінгі көріністі көрсеңіз жағаңызды ұстайсыз. Бүкіл жұрттың тайлы-таяғы қалмай сол пирогты молынан қамтып қалуға тырысып бір-бірімен жұлқыласып жатыр. Мәдениет, этика дегендерге ешкім де пысқырып қарамады. Әне бір жас бала жұрттың аяғының астында тапталып қалам ғой деп ойламастан тегін дүнині алу үшін арыстандай арпалысып жатыр. Ал мына бір сәнді киінген сылқым келіншек үйінен ала келген үлкен пакетке пирогты сыйғанынша тықпалап жатыр. Сонымен тегіннің жыры да бітті.

Сіздер мұны бірінші рет болған әттеген-ай дейтін жағдай десеңіз, қатты қателесіз. Неге екені белгісіз, қостанайлықтар әлгіндей тегін дүниені таласа-тармаса, тіпті жаға жыртысуға дейін баратын дәстүрге айнадырғалы қашан.

Өткен бір қала мерекесінде қала тұрғындары тегін берілетін шоколад үшін төбелесуге дейін барған. Әйтеуір бір абырой болғанда бас жарылып, қол сынған жоқ. Оған да шүкіршілік. Ал енді келесі бір қала тойында  «Нан мерекесі» деп аталатын көрмедегі наннан істелінген түрлі тағамдарды ту-талапай етіп талап алып кетті.

Жалпы, біз қала билігінің ешнәрседен қорытынды шығармайтынына таң қаламыз. Ау, тегін таратылатын дәмді жұртқа бөліп беруде неге тәртіп орнатылмайды? Жалпы осындай тойда қандай да тағамды тегін тарату деген әдетке тиым салған жөн болар. Тегін дүние үшін жанталаса ұмтылып, жасы кәрісін тыңдамай, көкпарға бергісіз арпалыстың кімге керегі бар. Дәл осы көрініс мерекенің сәнін де мәнін де кетірмей ме? Әлде ашыққандарға бір үзім нан беріп, жомарттық таныттық деп ойлай ма? Қалай дегенмен біздің ойымызша мұндай күмәнді бастама бүкіл тойдың берекесін қашырып, бос даңғазаға ұласып кеткендей пікір қалдырды

Жайберген Болатов

Abai.kz

     

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052