Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4492 0 пікір 8 Қыркүйек, 2017 сағат 11:27

Алматылық «нұротандықтар» алдағы сайлауға үздік нәтижелермен қатысуды көздеп отыр

Биылғы 29 қазанда өтетін республиканың 105 сайлау округіндегі жергілікті мәслихаттардың сайлауына өз үміткерлерін ұсынуға қай партия болса да алдын-ала қамданатыны белгілі.

Алматы – барлық саяси-экономикалық институттар орналасқан ірі қала және ежелден сайлауға қатысушылардың белсенді топтары, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі шоғырланған алып мегаполис.

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды саналатын өзекті мәселеге дайындықтың жоғары дәрежеде басталғаны және  туралы «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының кезектен тыс өткен ХХ-шы конференциясыда жан-жақты айтылды.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Алматы қалалық маслихатының депутаттары, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының Бюро және Саяси кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының қалалық маслихаттағы фракциясы Алматының экономикалық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жүйесін дамыту бойынша жүйелі жұмыстарды жүзеге асыруда.

Конференцияны «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, партияның Алматы қалалық филиалының Төрағасы, Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек ашып, жүргізіп отырды.

«Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашылық еткен конституциялық реформа­лар мен Жолдаулар, рухани жаңғыруға шақырған бағдарламасы арқылы еліміз жаңа тарихи дәуірге аяқ басты. Бұл реформалар – ең ал­дымен, Тәуелсіз Қазақстанның алдыңғы қа­тарлы 30 мемлекет деңгейіне көтерілуін   қамтамасыз ететін белестердің іргетасы! Ендеше, Алматы қалалық филиал партияның Сайлауалды тұғырнамасында белгіленген, ел экономикасын өркендету, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік салаларды дамыту бағытын айқындаған тапсырмаларды одан ары жүзеге асыруды жалғастыра беретін болады», - деп атап өтті Б.Байбек.

Алматы қалалық маслихатының VІ шақырылым депутаттары – Динар Нөкетаева сенаторлыққа сайланып, Қанат Төсекбаев Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Осыған орай, конференцияда Алматы қаласындағы маслихат депутаттарының босаған орнына жоғары білім, бизнес және ғылыми-зерттеу салаларында қызмет істейтін 6 үміткердің ішінен 3 кандидат таңдалып алынды. Олар – "Алматы қаласын дамыту Орталығы" АҚ Төрайымы Жанна Төлегенова, «Юником Бизнес Груп» ЖШС директоры Вячеслав Банщиков және Халықаралық инновациялық технология университетінің ректоры Дамир Шыныбеков.

Сонымен қатар, конференция барысында «Үздік бастауыш партия ұйымы» сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Бастауыш партия ұйымдары – «Нұр Отанның» негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналды» деп Елбасы айтқандай, халық мүддесін қорғау, елдің әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту, экономикамызды дамытуға үлес қосу – бастауыш ұйымдардың қызметіндегі басты бағыты. Алматы қаласындағы 90 мың мүшесі бар 700-ден  аса   бастауыш   ұйымдардың  жауапкершілігі ерекше болғандықтан, әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстары жетілдірілді. Барлық  ұйымдардың материалдық-техникалық базалары нығайтылды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады», - деп сөзін түйіндеген Бауыржан Байбек байқау жеңімпаздарын құттықтап, шет елге жолдамалар тапсырды.

Өткен жылғы ұйымдастырылған сайыстың жеңімпаздары – №5 қалалық ауруханасы, «Mega Alma-ata» сауда үйі және Алматы әуежайының бастауыш ұйым өкілдері Қытайға жолдама алып, көрші елдің билік партиясы жұмысының тәжірибесімен танысу мүмкіндігіне ие болған еді. Биыл да сол үрдіс сақталды. Қала бойынша бірінші кезеңде 130-дан астам бастауыш партия ұйымдары байқауға қатысып, соның ішінен 27 бастауыш партия ұйымы қалалық кезеңге шықты. Сайыс қорытындысында 3 санат бойынша –  9 жеңімпаз анықталды.

Олардың арасында «Алматы-2 Теміржолы», Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, «Алматы су Холдингі», «АЗМК», «Бухгалтер және аудиторлар қауымдастығы» және басқаларының бастауыш партия ұйымдары бар.

Партия ұйымдары бір жыл бойы көптеген қоғамдық-саяси іс-шаралар өткізіп, жағдайы төмен отбасыларға, ардагерлер мен мүгедектерге, жетім балаларға қайырымдылық шараларын көрсетті және белсенді еңбек ету нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының ел алдындағы беделін көтеруге ықпал еткені сөзссіз.

Халқымызда «Өрелі істің қасында өркенді ел жиналады» дейтін нақыл сөз бар. Қалалық филиал қалың көпшілікті соңынан ерте білген, әрқашан игілікті істердің көшбасында тұрған бастауыш ұйымдармен өзара бірлігін, байланысын одан әрі өрістете беретін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5390