Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2724 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 10:11

Құрылысшылар Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін барлық үйлерді салып бітірді

Өскемен. 26 қараша. ҚазТАГ – Құрылысшылар Шығыс Қазақстанның 7 ауданындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауыл тұрғандары үшін 618 үйді «кілтке» тапсырды, деп ШҚО облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тасқын судан зардап шеккен аудандарды аралау барысында мәлім етті.

«Тарбағатай ауданында су тасқынының ортасында Жантікей мен Көкжыра ауылдары қалды. 5 айда бірінші селода 191 үй салынды, екіншісінде – 200 үй тұрғызылды. Біз жергілікті құрылыс материалдарын пайдаландық, құрылыста жергілікті 1,5 мың адам жұмыс істеді. Олардың орташа жалақылары Т50-Т60 мың болды. Отбасылар жаңа баспана ғана алып қоймай, қосымша табыс та көрді», - деді Б. Сапарбаев.

Жалпы алғанда, тасқын судан зардап шеккендерге баспана салу үшін Т8 млрд бөлінген. Барлық үйлер «кілтке» тапсырылды. Үйлер 34-36 градустық аязға есептелген. Ауылда орталық су құбыры салынған. 2011-ші жылы су құбырын әрбір үйге жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл ретте, облыс әкімінің айтуынша, тапсырыс көлемінің үлкендігі өңірдің құрылыс компанияларының дамуына серпін берді.

«Құрылыс матриалдарына – кірпіш, газбетон, цементке деген сұраныстың көптігінен кәсіпорындар 2-3 аусыммен жұмыс істеді. Сол жағай жаңа жұмыс орнын ашуға және кәсіпорындардың дамуына серпін берді», - деді Б. Сапарбаев.

Бұрын хабарланғандай, 2010-шы жылы наурыз-сәуірде су тасуының нәтижесінде Шығыс Қазақстанның жеті ауданында 53 елді мекенді (оның ішінде Тарбағатай ауданында 7 ауылды) су басып қалған. Содан 1068 үй зардап шекті, оның ішінде 618 үй жөндеуге келмейтін болды, 450 үй түбегейлі жөндеуді қажет етті. 12 адам көшірілді. ТЖМ желісінен республиканың мемлекеттік материалдық резервінен су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына үш айлық азық-түлік қоры, бірінші кезекте қажет тауарлар бөлініп, отбасындағы әрбір адам басына Т5 мың  материалдық көмек көрсетілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371