ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті Карабах қақтығысын шешуге серпін береді - сарапшы
Астана. 29 қараша. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы саммиті таулы Карабах қақтығысын шешу үшін серпін береді, деп есептейді ЕҚЫҰ-ның қақтығыстарды алдын алу жөніндегі директоры Херберт Зальбер.
«Мен саммиттен осы қақтығысты шешу үшін саяси ерікке серпін болады деп күтіп отырмын», - деді Х. Зальбердүйсенбі күні Астанада баспасөз мәслихатында журналистердің сәйкес сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, саммитке Армения мен Әзербайжан президенттері қатысады. «Мен жоғары деңгейдегі кездесулер, соның ішінде Қазақстан президентімен кездесулер болатынын білемін. Бұл мәселелерді осылай талқылауға болады», - деді сарапшы.
Сонымен қатар, ол қақтығыс «терең» болғандықтан, «осы жерде шешім табылады деп үміттенбей, реалист болу керек»деді.
«Бірақ жағдайдың жақсаратынын, ілгері қадам жасалатынын күтуге болады. Ақыр соңында, бұл қақтығыстардың жақтары оны өздері шешуге тиіс. ЕҚЫҰ немесе Минск тобы, басқа елдердің президенттері мен сыртқы істер министрлері тек көмектесіп, қолдау ғана көрсете алады. Бұл үшін бізде ЕҚЫҰ-да Минск тобы бар, ол осы қақтығысты шешуге қолдау көрсетіп келеді. Олар өз жұмысын жалғастырады», - деп атап көрсетті ол.

Сондай-ақ, Х. Зальбер қақтығыстың екі жағы «ымыраға келу негізіндегі» шешім табуға тиіс деп есептейді. «Бұл үшін бізде көптеген мысалдар бар, мысалы, Еуропада. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихты қараңыздар, мысалы, Германия мен Францияның қатынастары. Егер ол жақта қағидалар туралы ғана сөз болса, шешім әлі күнге дейін табылмас еді. Бәрібір күндердің күнінде ымыраға келу керек еді, осы қақтығыстың тараптарына да осылай жасау керек», - деді ол.