Kcell жыл соңына дейін Алматы мен Астанада 3G желісін тартуға $150 млн инвестициялайды
Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ – Әділ Орманов. «GSM Қазақстан»ЖШС жыл соңына дейін Алматы мен Астанада 3G желісін тартуға $150 млн инвестициялайды. Бұл туралы Kcell желісінің операторы «GSM Қазақстан» бас атқарушы директоры Вейсел Арал дүйсенбі күні баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«3G желісін тартуға және GSM базалық станцияларын салуға (Алматы мен Астанада – ҚазТАГ) бағытталатын инвестициялардың көлемі $150 млн құрайды. 2011 жылы бұл сома бұдан кем болмайды деп ойлаймыз», - деді В.Арал.
Оператор 3G желісінде мәліметтер жеткізу жылдамдығын 21,1 Мбит/сек деңгейінде белгілеуді көздеп отыр. «Алайда іс жүзіндегі жылдамдық ақырғы тұтынушыдағы терминальды қондырғының техникалық мүмкіндіктеріне байланысты болады», - деп нақтылады «GSM Қазақстан» компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Нұрлан Сарғасқаев. Ол 3G стандартын ұстанатын көптеген құрылғылар 2 Мбит/сек жылдамдығында жұмыс істейтінін айтты. Жетілдірілген девайстар 6-8 Мбит/секдейін.
Kcell Қазақстанның басқа қалаларында 3G желісін тартуға 2001 жылдың қаңтарынан кіріскелі отыр. «Желіні басқа қалаларда тарту туралы айтатын болсақ, мерзімдер жабдықтардың жеткізілімдеріне байланысты болады», - деп түсіндірді В. Арал.

Н. Сарғасқаев үкімет 2011 жылдың қаңтарында 3G стандартын пайдалануға толыққанды лицензия береді деген сенімін білдірді. «Жақын күндері ғана Салық кодексіне өзгертулер енгізілді. Бұл жыл сайынғы төлемнің сомасын Т500 млн-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді… Бізге керегі осы болды», - деді ол. Лицензия үшін бірреттік төлемнің көлемі бұрынғысынша Т5 млрд болып қалды.
Оператор-компанияның басшылығы Қазақстанда 3G стандартының дамуына қатысты болжам жасауға қиналды, бірақ елімізде бұл стандартты енгізу қажет деген нық сенімін жеткізді. Сондай-ақ, директорат осынау жаңалықтан болатын қаржылық тиімділіктің қандай болатыны да белгісіз екенін мойындады. Алайда «GSM Қазақстан» компаниясының бас компаниясы TeliaSonera барлық елдер үшін ортақ болып келетін үрдіске нұсқады, оған сәйкес, «тұтынушылардың сұранысы (трафик көлеміне деген сұраныс - ҚазТАГ) тұрақты түрде өседі».
«Бізде мәліметтерді жеткізу көлемін арттыру мүмкіндігі әр 18 ай сайын 2 есеге төмендейді», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, үкімет 3G дамыту үшін 1920-1980 МГц және 2110-2170 МГц диапазонында жиіліктерді босатты. Жолақтардың кеңдігі 20 МГцқұрайды. Жиіліктерді пайдаланғаны үшін үкімет бекіткен жыл сайынғы төлем Т2,8 млрдқұрайды. Лицензияның құны (бірреттік төлем – ҚазТАГ) Т5 млрдқұрады.
Алайда операторлар жыл сайынғы төлемнің көлемі ақылға симайды деген пікір айтты. Олардың пікірінше, төлемнің көлемі аталған жиіліктерді пайдалануды экономикалық тиімсіз етеді. Нәтижесінде 3G стандартында ұялы байланыстың коммерциялық желісін іске қосы 2011 жылға қалдырылған болатын.
Осыған байланысты және ЕҚЫҰ-ға саммиитке дайындық аясында ұялы байланыс операторлары 4 қарашада 1 желтоқсаннан бастап 3G жиілік ресурсын уақытша пайдалану құқығына ие болды. Байланыс министрлігі толыққанды лицензияларды 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап бере бастайтынын уәде еткен.