Қажет Андас. Латын әліпбиіне көшу қажет пе?
Адам баласы осыдан бес мың жыл бұрын жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіре бастаған. Жазу құралдары мен материалдары ұқсас болмаса да, олардың озық арманы бүгінгі күнге келгенде құнды мұра ретінде мұражайларда сақталуда. Ал қазақ ұлты да ұзақ тарихи көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде неше түрлі жазу үлгісіне ауыстық. Бүгінде "Латын әліпбиіне көшу керек пе?" деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденеңдеп шықты. Осыған орай, көпшілік арасында түрлі пікір орын алуда. Бірі - қазіргі кириллицада қалу. Енді бірі - латын әліпбиіне көшу. Екі пікірдегі адамдардың да өзіндік дәлелі, негізі, уәжі бар. Десе де, мен өз басым латын әліпбиіне көшуді жақтайтындардың бірімін.
Адам баласы осыдан бес мың жыл бұрын жазу үлгісін тауып, ойы мен пікірін хатқа түсіре бастаған. Жазу құралдары мен материалдары ұқсас болмаса да, олардың озық арманы бүгінгі күнге келгенде құнды мұра ретінде мұражайларда сақталуда. Ал қазақ ұлты да ұзақ тарихи көшінде сан алуан жазуды қолданып келгені аян. Соңғы екі ғасырдың өзінде неше түрлі жазу үлгісіне ауыстық. Бүгінде "Латын әліпбиіне көшу керек пе?" деген уақыт талабы тудырған сауал алдымыздан көлденеңдеп шықты. Осыған орай, көпшілік арасында түрлі пікір орын алуда. Бірі - қазіргі кириллицада қалу. Енді бірі - латын әліпбиіне көшу. Екі пікірдегі адамдардың да өзіндік дәлелі, негізі, уәжі бар. Десе де, мен өз басым латын әліпбиіне көшуді жақтайтындардың бірімін.
Барлап қарасақ, қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Десе де, әлем халықтарының басым бөлігі латын әрпін қолданып отырғандығын жасыра алмаймыз. Деректерге сүйенер болсақ, дүниедегі адам санының 2/3-і аталмыш әріпті пайдаланады екен. Латын әліпбиін қолданысқа енгізбеген елдердің өзі тауар маркалары мен еларалық құнды қағаздарын осы әріппен таңбалап келеді. Жан саны мен жазу саны жағынан дүниенің 1/4-ін ұстайтын қытайлардың өзі осы жазуға көшкелі ширек ғасыр болды. Бұл олардың өз жазуынан жалыққандығын білдірмейді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Беласу" атты кітабында: "Қытайда жергілікті диалектілер көп. Олар сөз арқылы түсінісе бермейді. Барлық қытайлықтарды біріктіретін - жазу" дегені осының дәлелі. Қазақтың жайын қытаймен салыстыруға келмейді, тілімізде ұқсастық болмағанымен, біз жазу арқылы әлемдік өркениетке бағыт алуымызға болады. Сондықтан латын әліпбиін қолданудың біздің өндірісіміз бен ертеңгі істерімізге көп үлесі бар деп ойлаймын. Әрине, төте жазу немесе кириллицамен жазылған мәдениетімізден қол үзіп қалатын шығармыз. Бірақ ұтарымыз да көп. Латын әліпбиін қолданудың озық техника мен комьпютер тілін меңгерудегі және басқа да артықшылықтары талай жазылып, жан-жақты талқыланды. Ал менің қосарым - бұл жазу кириллица бұғаулап алған қасаң қағидалардан құтылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге зор ықпал етеді. Сонымен бірге, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жерінде болып жатқан өзгерістерден уағында хабар алмағандықтан, ұлттық білім беру бағытынан айырылып бара жатқан мәселесін де шеше алар едік.
Ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов 34 әріптен тұратын төте жазуды құрастырған болатын. Әрине, бұл жазудың өзі бір кездері ұлттық мүддені қорғау жолында бірқатар тың жетістіктерді жарыққа шығара алды. Алайда, бүгінгі күнге келгенде төте жазу арқылы да тығырықтан шығу қиын. Сондықтан, мен де латын әрпіне көшуді қалаймын. Осы ретте, Қ. Сатбаев атындағы атындағы политехникалық университтің түлегі Шуақ Әлиасқарұлы екеуміз төмендегідей латын әліпбиінің үлгісін ұсынып отырмыз.
Латында жалпы A a (a), B b (бы), C c (сы), D d(ды), E e(е), F f(еф), G g(гы, жы), H h(қа, ач), I i(ій), J j(жи), K kка), L l(ел), M m(ем), N n(ен), O o(о), P p(пе), Q q(кю), R r(ер), S s(ес), T t(те), U u(у), V v(в), W w(ве), X x(икіс), Y y(игірік), Z z(зет) қатарлы 26 әріп бар. (Ескерту: алдыңғы әріп латынша да, жақша ішіне оның дыбысталуы).
Енді осыны Ахмет Байтұрсынов жасаған жазудың дыбыс үндестігіне сәйкестендіріп көрелік:
А а(А а), Б б(B b), Ц ц (C c), Д д (D d), Е е (Е е), Ф ф (F f), Г г (G g), Х х (H h), І і (І і), Ж ж (J j), К к (К к), Л л (L l), М м (M m), H н(N n), О о (О о), П п (P p), Ч ч (Q q), Р р (R r), С с (S s), Т т (T t), Ұ ұ (U u), В в (V v), У у (W w), Ш ш (Х х), З з (Z z).
(Ескерту: алдыңғы әріп қазақша нұсқасы. Ал жақшаның ішіндегі латын әрпі).
Десе де, сегіз әріпті жаңадан жасауға тура келеді екен. Олар: Ө, Қ, Ы, Ғ, Ә, Ү, Һ. Ал қазіргі біз қолданып жүрген таңбаларда Ө мен Қ әрпі бар, бұларды өзгеріссіз алуды жөн көрдім. Сонда мүлдем жаңадан жасайтын алты әріп бар екен. "Е " әрпі қазіргі қолданыстағы жазуда кейде "И" болып оқылады. Сол дыбысталуына негіздеп басына "^" төбелік белгі қойып мынандай "E" - "Ы" әрпін жасадық. "С" әрпі кейде "К" болып оқылатындықтан оның аяғына көлденең сызық қойып мына формада "G" - "Ғ" әрпін жасадық. "Ң" әрпін бұрынғы таңбасы бойынша "Ң" - "Һ" әрпінің орнына алдық. "U" әрпінің үстіне екі нүкте қойып мынадай "U" - "Ү" әрпін жасадық. "Н" әрпімен "Ң" әрпінің дыбысталуы үндес болғандықтан "N" әрпінің аяғына сирақ жалғап мынадай " " - "Ң" әрпін жасадық. "А" әрпімен "Ә" әрпі дыбысталуы жағынан үндес болғандықтан басына нүкте қосып мына формада "A" - "Ә" әрпін жасадық. Қазіргі заман ағымына қарай шеттен кірген сөздер үшін Sh, Ch, Zh қатарлы үш қосар әріп қосылды. Тағы бір айта кететіні: "S" пен "H" біріккенде кейде баспа бетінде асхана (AS,HANA), ісхана (IS,HANA) деген сөздеріміздің мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін. Бұны "," белгісімен арасын бөліп жазу керек. Сонда ғана шет тілден кірген сөздерге қолданатын "Sh" әрібінен парықталып дәл мағынасын бермек.
Шет тілінен кірген сөздерге қолданылатын қосар әріптер:
Sh, Ch, Zh қосқанда латынша әліпбиіміз 37 әріптен тұрады. Сондай-ақ орыс тілінің ыңғайына қарай жасалған "Я, Ю, Э, Ё, Ь, Ъ, Й" қатарлы басы артық әріптер түгел алынып тасталды. Бұл компьютердің (unicode) жүйесіне кіруге де қолайлы, жазуға жеңіл. Сайып келгенде, латын әліпбиіне көшу қазақ үшін кезек күттірмейтін маңызды іс.
Мейлі араб харпі, кириллица болсын, сол жазуларды пайдалана отырып ұлан-ғайыр дүниелер жасадық. Ол ұлтымыздың өткен тарихындағы жәдігерлері болып қала бермек. Алайда, бүгінгі тәуелсіз елдің тұғырында тұрып ойланатын болсақ, өткен тарихқа өкпе айтып отырған жайым жоқ. Қазақтың нағыз тарихы енді жазылады. Сондықтан, бізге қайсы жазу қолайлы, оны шешетін халық. "Халық айтса, қалт айтпайды," демекші, біздің мақсатымыз халқының қамын жеген ой-пікірдің көпшіліктің назарына жетуіне ықпал жасау ғана. Бұл ғалымнан тартып, қарапайым бұқараға дейін атсалысатын маңызды іс. Ал, сіз қалай ойлайсыз?
«Абай-ақпарат»