Сенбі, 23 Қараша 2024
Тамыр 5701 0 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 12:18

  Ел бірлігінің формуласы: татулық пен келісім

    

 

Тарихқа көз жүгіртер болсақ, тағдыр тауқыметімен қаншама ұлыс өкілдері қасиетті Қазақ жерін пана тұтып, қазақ халқының айналасына шоғырланғаны белгілі. Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен елімізге өзге ұлыс өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүруі маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты ұлтына бөліп-жармай, біртұтас Қазақстан қоғамын қалыптастыруды мақсат тұтып, 1992 жылы алғаш рет Ассамблея құру туралы идеясын қалың көпшілікке жариялады. Идея ірі мақсатқа ұласып, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Биыл ұлтаралық татулық пен қатынасты, біртұтас қоғам құру мен түсіністікті басты шарты еткен Ассамблеяға – 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд»ретінде танылды.

Бүгінде Елбасының этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісін әлем назарына алып, оны тынбай зерттеп келеді. Қазақстандық үлгі Біріккен Ұлттар Ұйымында, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып, оң бағаға ие болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 56 мемлекеттің тіліне аударылды.

«Көрші ақысы – Тәңір ақысы» деген ұстанымы берік қазақ халқы көршісімен тату-тәтті өмір сүре отырып, бүтін бір елді ынтымақ пен бірлікке шақырып келеді. Осы ымырашылдық әлем елдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі арқылы кеңінен насихатталып, бейбітшіліктің бастамасы ұғымында айқын көрінді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесі, этносаралық қатынастар субъектілері жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесі 2008 жылғы 20-қазанда Қазақ­стан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы арқылы беки түсті. Мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет – этносаралық төзімділік пен келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, танымал тұлғалардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі доктринасы қабылданды. Ел Бірлігі доктринасы – біртұтастықтың, болашаққа бірігіп ұмтылудың серпінді көрінісі іспеттес.

«Береке басы – бірлікте» деген қазақ халқы. Қазіргі Қазақстан қоғамының жаңару жолымен тиімді дамуы ең алдымен елдегі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық түсіністікке байланысты. Осы маңызды рухани факторды жүзеге асыруда тікелей қызмет істейтін ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты – көп этносты мемлекетімізді өзара татулық, әлеуметтік келісім, дінаралық түсіністік және қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы елімізде тарихи жылға айналмақ. Бұл жыл мемлекеттік деңгейде маңызы зор мерейтойларға толы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» деп ерекше атап көрсетті. Бұл жыл Жаңа қазақстандық патриотизм моделін нығайтатын, ұрпақ тәрбиесінде ерекше рөлге ие болатын жыл болмақ.

Мемлекеттің бір бөлшегі, біртұтас қоғамды құруға атсалысатын, болашақтың алтын кілтін иеленетін саналы ұрпақ тәрбиелеуге ауқымды үлес қосып келе жатқан ұстаздар ұстаханасы – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де бұл маңызды шаралардың ешқайсысынан да қалыс қалмайды. Мемлекеттің тыныс-тіршілігі, қайнаған өмірінің кішкентай көрінісі біздің киелі шаңырағымызда өтіп жатыр. Арман қуып әсем Алматыға аяқ басқан қаракөздер Арулар ордасына табан тіреп, сапалы білім алып, білікті маман болып шығып жатқандарына, міне – 70 жылдан асты. Қазақтың ғана емес, қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тәжік, күрд, орыс, украин, кәріс секілді көптеген ұлттың тілегі бір қыздарына – Қыздар университеті тірекке айналды. Қазақстан Елбасының басшылығымен Қазақ мемлекеттігінің көп ғасырлық дәстүрін жалғастыра отырып, тарихи өлшем бойынша қысқа мерзімде жаһандық өзгерістің орасан зор жолын жүріп өтті. Сан тарапты транзиттік жағдай барысында халықаралық қоғамдастыққа танылған, бел ортасында заңды түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрған бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделі құрылды. Бүгінде Қазақстан Республикасы қуатты нарықтық экономикасы мен дамыған азаматтық қоғамы бар, 100-ден астам этнос өкілдері бірлік пен келісімде өмір сүріп жатқан, қалыптасқан демократиялық мемлекетке айналды. Осының барлығы жаһандық саяси әрі экономикалық дамудың өзекті тенденциялары мен трендтерін қаперде ұстайтын Елбасының сарабдал да салиқалы әрі көреген саясатының арқасында мүмкін болды. Ассамблеяны институттық нығайту бойынша биылғы жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған 2015 жылы мемлекеттік этносаясатты одан әрі жетілдіру және Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі негізгі міндеттерді айқындап берді. Бұл біздің айқын бағдарымыз болмақ. Әрқашанда бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін қалдырған. Сондықтан Елбасы айтқандай, «біздің туымыз – бірлік» болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!

Динар Нөкетаева,

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434