Сенбі, 19 Қазан 2024
Жаңалықтар 3189 0 пікір 13 Қыркүйек, 2017 сағат 15:32

«Қоғамдық келісім – мемлекет дамуының кепілі»

«Қоғамдық келісім – мемлекет дамуының кепілі». Міне, осындай тақырыпта 10 қазанда Жамбыл облыстық коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Онда өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева сөз тізгінін алып, БАҚ қызметкерлерін мекеменің жыл басынан бері атқарған жұмыстарымен таныстырды.

«Қоғамда тұрақтылық пен келісімді сақтау – алдымызға қойылған ортақ міндет екені белгілі. Бұл бағытта облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және 26 этномәдени бірлестіктер мақсатты жұмыс жүргізіп келеді. Облыс ассамблеясының құрамы 216 адамнан тұрады.

Олардың барлығы қоғамдық-мәдени шараларға, саяси науқандарға белсене қатысып жүр. Сондай-ақ, ақпараттық топтардың құрамында идеологиялық жұмысқа тартылып, мемлекеттік саясатты насихаттауда», - деп атап өтті хатшылық меңгерушісі.

Сонымен қатар, Маржан Төреғұлқызы 9 айда облыс ассамблеясының ұйытқы болуымен 70-тен аса түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілгенін жеткізді. Аталған іс-шаралардың идеологиялық мазмұны «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың тұжырымдамаларына негізделген.

Ал «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына кандидаттарды іріктеу облыс ассамблеясының тікелей атсалысуымен жүргізілді. Ұсынылған 253 кандитаттардың құжаттары жұмыс тобымен қаралып, 78 үміткердің құжаттары республикалық комиссияның қарауына жолданды.

Өңірдегі әлеуметтік ахуалға келер болсақ, 3-ші тоқсанда жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде аймақтағы этносаралық қарым-қатынас және қоғамдағы ахуал қалыпты жағдайда деп бағаланады.

Түрлі шиеленіскен даулар мен қақтығыстарды сотқа дейін реттеу де Ассамблея міндеттерінің бірі екені мәлім. Осыған орай, облыс көлемінде 13 медиация кабинеттері ашылып, онда 63 медиатор қоғамдық негізде жұмыс атқарады.  2016 жылдан бері медиация кабинеттеріне шиеленісті және даулы мәселелермен 570 азамат жүгінген. Олардың 481 жергілікті медиаторлардың араласуымен оңтайлы шешімдерін тапты.

Қайырымдылық саласы да назардан тыс қалған емес. Тоқсан сайын «Қайырымдылық керуені» акциясы ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері Ассамблеяның ұйытқы болуымен 2000 астам отбасына және 6800 балаға 62 миллион теңге көлемінде қайырымдылық көмек берілді.

Abai.kz

0 пікір