Татар тіліне қауіп төнді
Татар бауырларымыздың басына төнген қауіп-қатерлердің қай-қайсысы да қайта-қайта қоюлана береді. Өздері үлкен ұлттың құрсауында қалғандықтан ба, болашағы үшін қатты алаңдаулы. Оларды әсіресе татар тілінің қазіргі жай жандарын жай тапқызбайды. Өйткені кейінгі кездері республика мектептерінде татар тілін оқытудың міндетті еместігі жайлы пікірталастар қатты өршіп тұр. Бұған себепкер болған федерация құрамына кіретін республикаларда жергілікті тілдерге мемлекеттік мәртебе берілгендігі және олардың мектептерде міндетті түрде оқытылуы қажет деген бап олардың Конституциясында айқаны жазылса да РФ президенті В.Путиннің бұл республикаларда өз тілдерін оқытудың ерікті түрде жүргізілетіндігі туралды конституциялық нолрмалары жайлы айқаны біраз шовинистердің қолтығына су бүріккендей болды.
Президенттің сөзі республикалардың Конституциясына тіклелей қайшы келетіндігіне қарамастан Путиннің әірбір айтқанын заң көретін шовинистер іске кірісіп те кетті. Міне,Кремльдің осындай өрескел де қатаң саясатының салдарынан елде татар тілінің аясы күннен-күнге тарылып келеді. Прокуратура секілді заң орындары тіпті мектептерге арнайы нұсқау жібіру секілді арадатушылыққа да барып отыр. Міне, осы жағдай ұлт болашағына бей-жай қарай алмайтын зиялы қауымның түн ұйқысын төрт бөліп жүр. Татар ұлтжандылары жақында Татарстан президенті Рустам Миннихановқа, премьер-министр Алексей Песошинға, сондай-ақ парламент спикері Фарид Мухаметшинге және барлық депутаттарға ашық хат жолдады.
Ана тілінің тағдырына алаңдаған олар депутаттардан елдегі мектептерде татар тілін сақтап қалуға, сонымен қатар Ресейдің республикалардың мемлекеттік тілдерінің федереалдық стандартына міндетті түрде енгізуді талап етеді.
Хатта депутаттарды халықтың мүддесін қорғау үшін сайлағандарын естеріне салады. «Алдымызда екі ғана жол тұр,--деп жазады олар.—Біріншісі, татар тілі үшін адалдықпен жан сала күресіп, жеңілген жағдайда намыс пен бойды биік ұстаған қалпы сахнадан кету. Екіншісі, өзіміздің жайлы орындығымызда қалып, татар тілін тарих қоқысына лақтырып тастау. Егер біз екінші жолды таңдасақ,түбінде халқымыздың қарғысына қаламыз».
Хатта қала басшылары мен мектеп директорларын әлгіндей заңсыз нұқсқауларға қарсы тұруға шақырады. Прокуратуралардың татар мектептерін тексеруді тоқтатуды талап етеді. «Прокуратура оларды тексергенше неге интернетте қаптап кеткен татар халқы мен тіліне қарсы арандатушылық әрекеттерді тексермейді?» деп тікелей сұрақ қояды.
«Бұл біздің соңғы шебіміз,--делінген онда.—ол бізді не қолдайтындарыңызға, не қолдамайтындарыңызға байланысты. Егер біздің жолымыз екіге айырылса, онда елдің алып компанияларын басқа адамдар басқаруға келеді, басшылық құрамы да өзгеруі мүмкін. Сонда сіздерді ешкім де қорғамайтын болады».
Туысқан татар халқының аясы тарылған ана тілінің болашағы үшін қандай да күреске дайын. Олар ана тілі жойылған жерде ежелгі тарихы бар Татарстаннның да құрдымға кетеіндігіне әбден сенімді. Кейде оларды осындай батылдығы мен табандылығына еріксәіз риза боласың. Олардың алаңдаушылығы біздің де жанымызға жақын, жүрегімізге жылы тиеді. Олармен іштей тілектес екендігімізді де жасыра алмаймыз. «Бөлінгенді бөрі жейді» дейді халық. Бөрі табыла қоймаса орманда аю да жетерлік.
Жайберген БОЛАТОВ
Қостанай
Abai.kz