Сенбі, 23 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 11190 35 пікір 3 Қараша, 2017 сағат 11:33

Путин мен порножұлдыз сайлауда сайыспақ

Есім-сойы күллі орыс жұртына мәшһүр порножұлдыз 2018 жылы Ресейде өтетін Президенттік сайлауға қатыспақ. Ол Кремль креслосына таласатынын ресми мәлімдеді.

Енді тұп-тура төрт ай дегенде орыс халқы  "Путиннің сайлауын" өткізетіні туралы жазған едік. Қазіргі Президент Владимир Путин өзінің додаға қатысатынын ресми мәлімдемесе де, саяси сарапшылар Путиннің екінші рет қатарынан сайлауға түсу құқы бар екенін және Путиннің бұл сайлауға міндетті түрде қатысатынын айтады.

Путиннің жеңісі - 58 пайыз

Тіпті, алдын ала болжам жасалып, жеңіс Владимир Владимировичке беріліп қойған. "Комсомольская правда" дейтін ескі гәзет Путиннің шамамен 58 пайыз халықтың дауысын жинайтынын болжап, пал ашыпты.

Ол ол ма, бүкіл орыстың 83 пайызы Путиннің ел басқаруына дән риза көрінеді. Сауалнама қорытындысы солай дейді.

Сонымен, интригасы жоқ сайлаудың жеңімпазы біреу. Ол - Владимир Путин.

Енді оның додадағы оппоненттері кім дегенге келсек, қызық осы жерден басталады. 

Әуелі, әйгілі тележүргізуші Ксения Собчак сайлауға қатысатынын мәлімдеп, сайлау алды үгіт-насихатын бастап кеткен. Өзінің қиқар қылығыменаты шыққан Ксения Анатолиевна Собчак саясаткерлердің шаңырағында туған. Ресейдің бұрынғы әм қазіргі саяси элитасымен талай рет табақтас болған.

Ксения Собчак - тележүргізуші әм "Дом 2" жұлдызы

Ксенияның кісі қызығарлық қылығы (мәдени этикасы) әм саяси багажы бар деп айта алмаймыз.

Дегенмен ол бейне үндеу жасап, өзінің сайлауға қатысатынын, Президенттік креслодан үмітті екенін және өзін оппозиция өкілі санайтынын ашық айтты.

«Мен - Ксения Собчакпын, жасым 35-те. Мен өмір бойы Ресейде тұрып, жұмыс жасап келемін және елімнің келешегі мен үшін өте маңызды. Мен 18 жасқа толғанда Путин Ресей Президенті болды. Сол жылы туған балалар биыл дауыс беруге барады. Бұлай жалғаса берсе, менің ұлым сайлауға барып дауыс беретін жылы да кандидаттар сол баяғы Зюганов, Жириновский мен Путин болуы әбден мүмкін ғой...», - дейді Собчак.

Дау-дамайдың ортасында жүретін Ксения Собчак жақында Владимир Путинмен кездесіпті. Кездесіпті де, өзінің үміткер болып, сайлауға қатысатынын айтыпты.

«Менің ұққаным, Ол (Президент Путинді айтып отыр – ред.) менің бұл шешіміме қуана қойған жоқ»,- дейді Собчак. Үміткерлікке үмітті Собчактың айтуынша, Путин тікелей жауап бермеген. Тек әр адамның шешім қабылдауға құқылы екенін және сол шешімі үшін жауап беретінін ескерткен.

Сонымен Собчак - үміткерліктен үміткер. Ол додаға "допуск" алу үшін алдымен 300 мың адамның қолын жинауы тиіс.

Собчактың сойқан мәлімдемесін орыс қоғамы ойынға айналдырғандай болды. Максим Галкин бастаған сайқымазақтар келемеждеуге көшті. Бірақ, Кісекең келе жатыр әлі.

Путин мен порножұлдыз Елена Беркова айқасы

Келер жылғы сайлаудағы Путиннің тағы бір қарсыласы Ксенияны он орайтын, атақты порножұлдыз.

Иә, порножұлдыз Елена Беркова. Бұтынан бір дәуірдің ұрпағы өткен Беркова да бейне үндеу жариялады.Ол бейне жазбаны  "Instagram" желісіндегі парақшасында жариялады. 

Сайлауға қандай ниетпен қатысатынын қайдам, секс өнерінің суреткері - Елена Беркова өзінің Президент болғанда не істейтінін айтты.

Интим суреттері мен видеолары арқылы танымал болған қыз ажырасуды мүмкін еместей етіп, қырық сантиметрден жоғары белдемше киюге тыйым салып, мектептерде сексуалдық тәрбие беруді, балалардың дүниеге келуіне рұқсат беретін құжат және зорлық үшін өлім жазасын енгізетінін айтты.

Міне, солай. Бірі "Дом 2" дейін жоба арқылы танымал болса, бірі - порно актриса.

1,1 миллион оқырманы бар Анфиса Чехова

Ойбой, ұмытып барады екенмін, Путиннің тақталстарының ішінде Анфиса Чехова да бар.

Орыстың сексуалдық сауатын ашумен телеэкран арқылы айналысатын Анфиса Чехова егер "Инстаграмм" желісінде 200 мың лайк жиналса, сайлауға түсетінін мәлімдеген.

Ресейдегі ешкім білмейтін "Игі істер" партиясы басқа-басқа емес, дәл осы тележүргізуші Анфиса Чеховаға ұсыныс айтып, сайлауға түсуге үгіттепті.

Оның әлеуметтік желісінде 1,1 миллион жанкүйері бар екенін ескерсек, Анфисаның да 3-4 орындарға үмітті болуға үміті бар екені анық.

Құқық қорғаушы Екатерина Гордон да сайлауға түспек

Владимир Путиннің келесі қарсыласы - Екатерина Гордон. Бұл бикеш құқық қорғаушы. Өзін-өзі ұсынып, сайлауға түсуге ниетті екенін өзі мәлімдеген.

"Менің аты-жөнім Екатерина Гордон. Жасым 37-де. Және мен де өз құқымды пайдаланып, сайлауға түспекпін. Мүмкін мен Президент әкімшілігінің батасын алмаған жалғыз кандидат шығармын", -дейді Гордон.

Түйін. Солтүстіктегі сайлаудың сиқы осы. Әзірге болашақ кандидат әм жеңімпаз Владимир Путиннің сылқымдары сайлауға білек сыбана кірісіп кеткен екен.

Жұртқа жүзі таныстардың ішінде Ксения Собчак, Елена Беркова, Анфиса Чехова, Екатерина Гордон мен Владимир Жириновский бар. Иә, Владимир Жириновский. Әйгілі либерал-демократ әм псевдо бунтарь.

Бұл жолы да Президент болмаққа бекінген Жириновскийдің жолы белгілі. Сайлау додасы кезінде Путинді жекпе-жекке шақырады. Аузына келген, анығында тексерілген, мақұлданған мәтінін мәнерлеп оқып, аяқ-қолын оңды-солды сермейді. Путин дебатқа шықпайды. Жириновский екінші я болмаса үшінші позицияны иемденеді.Бітті.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373