Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4636 2 пікір 9 Қараша, 2017 сағат 09:47

Олар инвестицияны қызыл қанға құяды...

Соғыс үнемі бизнес болып келді. Қарапайым адам үшін ол патриоттық сезіммен ұштасқан жауапты қадам болса, әлемдік саясаткерлер үшін ол ең бірінші табыс көзі. Мысалы адамзат тарихында ең қымбат соғыстарға 80 млрд. долларлық АҚШ-тағы азамат соғысы, 1991 жылғы Парсы шығанағындағы 102 млрд. долларлық соғыс болса, Корей соғысы 380 млрд. долларды құраса, Бірінші дүние жүзілік соғысы 560 млрд. долларды, Вьетнамдағы соғыс 786 млрд. долларды, 2003 жылғы АҚШ-тың Ирактағы соғысы 3.1 трлн. долларды, Екінші дүниежүзілік соғыс 4.7 трл.н долларды құрады. Сұмдық қаражат. Бұл минимумдық көрсеткішпен есептегенде. Бұдан бірнеше есе көп болуы да мүмкін.

Бірақ бұл қаражаттар еселеп қайтады, өйткені державалар инвестицияны соғысқа құяды. Қару мен дәрі-дәрмек сату, тағам жеткізу, шикізат иемдену және т.б. Қазіргі таңда соғыс көптеген елге аса үлкен табыс көзі болып отыр. АҚШ пен Ресей қаруды қара нан сатқандай сатып, қаржыны қалтаға басып жатыр. Бір ғана ереже бар: соғысты қару сатып ала алатын аймақта бастау міндет! Қолында көк тиыны жоқ Қара құрлық сияқты жерде үлкен айқас жасап керек емес, олар бір-бірін пышақпен-ақ қыра береді. "Пышақ болса, ұшақ керек емес" дейді.

Ал Таяу Шығыста ақша бар, демек соғыс жасауға тағы бір себеп бар. Бірақ күндердің күні бұл жақтың да қару алу потенциалы төмендейді. Сонда сұмпайы саясаткерлер соғыстың сөмкесін арқалап, қай аймаққа барады екен?

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406