Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2948 1 пікір 20 Қараша, 2017 сағат 02:25

Әсет Исекешев: Астана жаңа идеялар мен жаңа технологиялар орталығы

Астана қаласының әкімі Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесіп, онда қатысушылар іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз жобалары жайында қысқаша айтып берді, деп хабарлайды Абай ақпарат агенттігі.

«Смарт Астана» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің тарапынан инновациялық экожүйені дамытуға және қаланы дамытуға дарынды жастарды жұмылдыруға көп көңіл бөлінуде. Осылайша, осы жылдың шілде айында Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ MOST бизнес-инкубаторымен бірлесіп, Astana Innovations Challenge стартап марафонын іске қосты.

Жарты жыл ішінде 6 стартап-байқау (4 стартап уикенд және 2 хакатон) өткізілді. Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам қатысып, олар өзара 150 команда құрды. Стартап марафонның барысында қазылар алқасы 60 үміткерді анықтап, олардың арасынан 18 команда жеңімпаз атанды. Жобаларды бағалау үшін әлемнің 8 елі мен халықаралық ұйымдардан 90-нан астам сарапшы шақырылды.

Кездесу барысында қала әкімі Әсет Исекешев: «Мен сіздер сияқты жас, идеясы көп, белсенді жандармен кездескеніме қуаныштымын. Астана жаңа идеялар мен жаңа технологиялар орталығы болуда және оны ары қарай да дамытуға сіздерге барлық мүмкіндік жасалады, ел экономикасындағы жаһандық және технологиялық өзгерістер дәуірінде басты рөлге ғылым мен инновациялар ие», - деді.

Өз кезегінде жастар жасаған жобалары туралы қысқаша айтып берді. Мысалы, жаңа технологияларды қолдана отырып қаланы қардан тазалауды тиімді, сапалы, үнемді етуге болатыны, үйден шығар қоқысты қатты және сұйық түрге бөлуге тұрғындарды ынталандыру, көшені энергия үнемдегіш шамдармен және баламалы энергия көзімен қамтамасыз ету және де денсаулық саласының сапасын көтеруге байланысты жобалар.

Кездесуге келген Әлкей Аманжолов денсаулық саласының сапасын көтеруге байланысты идеясын айтып берді. «Дәрігерлерде аурудың алдын алуға уақыт та, мүмкіндік те жоқ. Біз бір-біріне тәуелді емес 3 технология арқылы осы сұрақтың шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Датчиктер арқылы ақпарат жинау, блокчейн арқылы сақтау, алгоритм арқылы нейронды жүйе сырқаттың алдын алуға көмек береді. Бірер жылдан соң біз сырқаттың қандайда бір аурумен ауруы мүмкіндігін алдын ала біліп, жолын кесу мүмкіндік аламыз», - деді ол.

Астана қаласының әкімі әрдайым диалогқа ашық екенін және жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін айтып өтті. Қала өміріне дарынды адамдар мен жастарды тартқысы келетінін, сондықтан бар мәселелер мен міндеттердішешу үшін технологиялық шешімдер табуды ұсынатынын білдірді.

Қорытындылай келе, әкім қатысушыларға Astana Innovations Challengeстартап-марафоны келесі жылы өз жұмысын жалғастыратынын хабарлап, оған белсене қатысуға, сондай-ақ, өз идеяларын іске асырып, жетекші халықаралық сарапшылардың пікірлерін естуге шақырды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458