Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 7143 16 пікір 25 Желтоқсан, 2017 сағат 15:24

Сауранбай Жиенбеков Астанаға келді

Бүгін Қырғызстанның бесінші сайланған президенті Сауранбай Жиенбеков  Астанаға келді.

Оны әуежайдан Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин мен Сыртқы істер министрі орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев күтіп алды.

Бұл Сауранбай Жиенбековтің Қырғызстан президенті ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы ресми іс-сапары.

Қырғыз президенті бұл іс-сапары барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас жайында, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы әріптестік жайында келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Бұдан бөлек Сооронбай Жээнбеков үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевпен де кездеседі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Назарбаев пен Жиенбеков бұған дейін Белоруссиядағы жиында жолыққан еді.  Минсктегі кездесуден кейін қазақ-қырғыз шекара мәселесі шешіліп, «жол картасы» қабылданған болатын.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364