Жұма, 22 Қараша 2024
3991 0 пікір 3 Қаңтар, 2018 сағат 10:11

Сот Молдова президентінің өкілетін тоқтатты

Қаңтардың 2-сі Молдованың Конституциялық соты ел президенті Игорь Додонның қызмет өкілетін уақытша тоқтатты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұндай шешім президенттің өткен аптадағы премьер-министрдің жасақтаған үкіметін (5 министр мен 2 вице-министр кандидатурасын) мақұлдамай қоюына байланысты болды. Ел заңнамасы бойынша, президент премьер-министрдің ұсынысын тек бір рет қайтара алады.

Конституциялық сот президенттің қызмет өкілеті парламент төрағасы немесе премьер-министрге өтеді деп үкім етті. Таяу арада парламент төрағасы Андриан Канду үкімет мүшелерін жасақтау туралы жарлыққа қол қояды. Бұл туралы ел парламентінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада Кандудың: "Президент міндетін уақытша атқару міндетін мойныма аламын. Жақында жаңадан ұсынылған үкімет мүшелерін тағайындау бұйрығына қол қоямын және олардың ресми ант қабылдау шарасын өткіземін" деген сөзі келтірілген.

Былтыр желтоқсан айында президент Додон үкіметтің жеті мүшесін қызметтен босатқан еді. Премьер-министр Павел Филиптің үкімет мүшелігіне кандидаттарын Додон екі рет қабылдамай қойған соң билеуші коалицияның бір топ депутаты Конституциялық сотқа шағымданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321