Сенбі, 23 Қараша 2024
4686 13 пікір 9 Қаңтар, 2018 сағат 12:07

Біз неге жалтақпыз?

Өзге жақты білмеймін, ал біздің Қостанайда жер-су, елді-мекен мен көше аттарын өзгертуге келгенде ойбайға бергісіз «аттан» шығады. Былтырғы жылы осы өзіміздің Қостанай ауданындағы қала іргесіне тиіп тұрған Демиденовка деген кішкене ғана ауылды Еңбек деп әзер өзгерттік. Аудан орталығында қызыл кеңірдек айтыс болды. Санасын ұлы державалық шовинизм улап тастаған сол ауылдың басым тұрғындары, яғни өге ұлттың өкілдері бұл өзгеріске тайлы-тұяғы қалмай қарсы шықты. Тіпті олар Қостанай қаласына баяғыда көшіп кеткен зейнеткерлерін де шақырыпты. Не деген ұйымшылдық десеңізші. Сондағы қимайтыны не дейсіздер ғой. Тың игеру деген даурықпа науқан кезінде осында алғаш көшіп келген Демидов деген қара шекпен. Белгілі бір ғалым немесе ақын болса, бір сәрі. Алғаш қоныс аударып, осы жерге өз атын бергені үшін ғана аты тарихта қалуға тиісті екен. Әңгіме қайдағы бір Демиденовкеде емес. Мәселе, не болса да қазаққа тьимесін деген мысық тілек пен «біз мықтымыз, біз көппіз, тірегіміз де мықты» деп дәл іргеміздегі көршімізге сенген дұшпадық ниет демеске амалымыз жоқ.

Дәл осындай бет қаратпас және қисын мен уәжге тоқтамайтын қатты қарсылықты облыс орталығындағы «қызыл большевик» Таран көшесін Тәуелсіздік деп өзгертуге келгенде де анық байқадық. Ештеңені де тыңдамайтын қыңыр мен қисықтарға «Ау, осы облысымызда тағы да Таран ауданы бар ғой. Бір адамға ол аздық етпейді ғой» деген жалынышқа бергісіз уәжге әзер тоқтады.

Таран ауданы демекші, осы аталмыш ауданда өткен жылдың қараша айында Тәуелсізлдік меркесіне тарту болсын деген жақсы ниетпен бірнеше көшенің аты өзгертілген. Әдеттегідей әзер дегенде. Бойға, санаға сңіп қалған жаман әдеттің жаны сірі болып шықты. Жақында осы ауданның бір топ азаматтары ұйқыдай оянғандай тағы да дауға басыпты. Такран селосының В.Ельцова, Т.Николаенко, В.Литвиненеко, Е.Клец,Т.Иванько дегендер қол қойған, барлығы тоқсанға тарта адам «көше аттары дұрыс өзгертілген жоқ» деген сылтаумен осы ауданның прокуроры М.Шалабаевқа. аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Т.Ибрашевқа, облыстық ономастика комиссиясының төрағасы М.Жүндібаевқа (ол облыс әкімінің орынбасары) арыз хат жазады. Сондағысы «жиналыс дұрыс өткізілген жоқ, дауыстар әділ саналмады, тіпті оның қорытындысы да күмәнді» деген негізсіз сылтаулар. Міне осындай қортынды жасай келе, олар өздерінің құқықтарының аяққа басылып отырғандығын, әділдікті қалпына келтіруді талап етеді. «Қой, болары болды ғой, тәуелсіз елдің өз жеріндегі көшелерді өзгертуге толық құқықғы бар шығар» деп осы даукестерге ақыл айтудың орнына осындағы өздерін оппозиция санайтын «Наша газета» апталығы жерден жеті қоян тапқандай осы хатты «Как обсуждали переименовнаия» деген атпен үлкен мақала етіп жариялайды. Міне, осылайша газет олармен ниеттестігін танытады. Яғни олардың арқа сүйейтін тағы бір «мықтысы» бар деген сөз бұл.

Жә, жарайды «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші жер-су аттарын өзгертуге келгенде мұндай қарсылықтың болатындығын жоққа шығара алмаймыз. Болды да, бола береді. Өйткені санаға әбден сіңіп қалған қасаң ұғымды өзгету қиын. Ол үшін не істеу керек? Әсіресе осы солтүстік өңірлердегі әлгіндей берекесіздікті қалай тиюға болады? Біздіңше, жаңағыдай жер-су, елді-мекен мен көше аттарын өзгертуге келгенде сол жердегі тұрғындардың пікірін сұрау керек деген қағиданы мүлдем алып тастау керек. Өзге ұлттың, әсіресе ниеті белгіл ұлттың өкілдерінің басым тұратын жерлерде бұл қағида олардрға қосымша күш, қосымша дәлел береді. Сөйтеді де мәселе ушығып кетеді. Енді не  істеу керек? Оның бір-ақ жолы бар.Биліктің бәрін сол жердегі ономастика комиссиясына берсе, жетіп жатыр. Олар жиналып, шеше берсін. Комиссия мүшелері де жай, қатардағы адамдар емес қой. Сол жердің тарихын, өткен-кеткенін жақсы білетін белгіл азаматар. Ендеше, неге соларға сенбеске?

Сосын жөнді-жөнсіз қойыла салған аудан аттарын да бір мезгілді, ешкімге қарамай-ақ шеше салған жөн. Мәселен, біздегі Федоров, Денисов деген ешкім білмейтін адамдардың есімдерін иеленген аудандар бар. Олар келешек ұрпаққа қандай тәрбие береді? Оларды кім, елге қандай еңбек сіңірді деп айта аламыз?

Айтпақшы, әлгі дау шығып жатқан Таран ауданы қазақтың классик жазушысы Бейімбет Майлиннің кіндік кесіп, туып-өскен жері. Оны да  кеңес билігін орнатамын деп елді қырғынға ұшыратқан әлдебір Таран деген иеленіп алған. Майлиннің атын қайтарамыз деп осындағы азғантай зиялы қауым қанша арпалысқанымен еш нәтиже шықпай отыр. Осының бәрі әлгі айтқан ономастика комиссиясы туралы ереженеге келіп тіреле береді. Оны түбегейлі өзгертпесек, осы таз қалпымызда қалғанымыз қалған.

Жайберген Болатов

Қостанай

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470