Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4253 0 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 08:52

Қазақстанда жолда қалған өзбек және тәжік жолаушыларын құтқарды

Қазақстанның Ақмола облысының тас жолдарында Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары мінген екі автобус тұрып қалды.

Полиция 21 қаңтарда Астана – Петропавл тас жолында Van Hool автобусы тұрып қалғаны туралы мәлімет алған. Автобус Петропавл-Сарыағаш рейсіне шыққан. Қатты аяздан автобустың дизель отыны қатып қалған. Салонда 43 жолаушы болған. Екі жүргізуші - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, қалғандары - Өзбекстан азаматтары.

Құтқару қызметі жолаушылар мен жүргізушілерді Шортанды ауданы Бозайғыр ауылында ұйымдастырылған жылы орынға жеткізді. Оларға тамақ пен төсек берілді.

Бұған қоса, дүйсенбіге қараған түні полиция қызметкерлері Бұланды ауданында бұзылып қалған Setra автобусындағы жолаушыларға көмектесті. Олар Мерке-Тюмень бағытымен шыққан. Салонда екі жүргізуші және 55 жолаушы – Тәжікстан азаматтары болған. Оларды жылы орынға жеткізді.

Қазақстанның Ақмола облысында қатты аязға байланысты барлық бағыттарға қоғамдық көліктер үшін жол жабылды. Полиция азаматтарды алыс жолға шықпауын сұрады.

Еске салайық, өткен аптада Самара – Шымкент тас жолында автобус өртеніп, 52 азамат қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1212
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2740
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 874
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 827