Жұма, 20 Қыркүйек 2024
3276 0 пікір 23 Қаңтар, 2018 сағат 08:55

Түрік әскері Сириядағы бірнеше елді-мекенді басып алды

Түрік әскері Сириядағы қарулы операциясының үшінші күнінде солтүстік-батыстағы бірнеше елді-мекенді басып алды. Анкара күрд жасағын бекіністерінен ығыстырып шықпақ, деп хабарлады түрік баспасөзі.

Дүйсенбі күні Түркия қарулы күштері мен оны қолдайтын сириялық бүлікшілер жасағы Африн аймағындағы бірнеше елді-мекенге бақылау орнатты.

Түркия президенті Реджеп Ердоған шабуылды тежеу ойында жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, әскер әрекеті "ресейлік достармен" келісілген.

Түркия Күрд халық қорғанысы жасағын (күрд милициясы, YPG) Күрдістан жұмысшы партиясының одақтасы деп есептейді. Партия отыз жылдан бері автономия талап етіп, түрік үкіметімен күресіп келеді. Күрд милициясы КЖП-мен қандайда бір тікелей байланысы бар дегенді жоққа шығарып отыр. YPG АҚШ басқаратын коалициямен бірге "Ислам мемлекеті" жихадшыларымен күресті.

Түркия билігі АҚШ-ты күрд милициясына қолдау көрсетті деп айыптады. Сириядағы азаматтық соғыстың осылай өрбуі Түркияны НАТО-дағы одақтастарына қарама-қарсы жаққа бөліп қойды.

Abai.kz

0 пікір