Тәжік билігі мешіттерді табысы туралы есеп беруге міндеттеді
Тәжікстанда барлық діни мекемелер мүлкі мен табыс көзі туралы есеп беруі керек. "ТР діни ұйымдар және ар-ұждан еркіндігі туралы" заңның 19-бабына өзгерту 22 қаңтарда күшіне енді.
Заңға өзгертулерді тәжік үкіметі ұсынған. Ол бойынша, діни ұйымдар, сонымен бірге мешіттер, шіркеулер және синагогалар табыс көзі мен мүлкі, қызметкерлерінің айлығы мен төленген салығы туралы есеп береді.
Тәжікстанда мешіттер, шіркеулер және елдегі жалғыз синагога діндарлардың өз еркімен бөлген садақасы есебімен жұмыс істейді. Мешіт имамдары балалардың туылуы, некелесу және жерлеу рәсімдерінен аздаған ақша алады.
Бірақ 2014 жылдан бастап жұма намаздарын өткізетін ірі мешіттердің имамдарға мемлекеттік қызметкерлермен бірге айлық төлейді. Елде мұндай 265 имам бар. Тәжікстан үлемдері кеңесінің төрағасы мүфти Саидмукаррам Абдукодирзоданың айлығы 2 мың сомони (220 доллар), үлкен мешіттердің имамдары 1500-800 сомони алады. Басқа да дін қызметкерлеріне, сонымен бірге басқа да конфессиялардың өкілдеріне айлық қарастырылмаған.
Еске салайық, 2012 жылы Тәжікстан дін істері жөніндегі комитеті мешіттерді келушілер саны туралы ақпарат пен түскен табысы туралы ақпаратты билікке беруін міндеттеген.
Abai.kz