Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5319 0 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:56

Тегін такси

Бүгін мен бір таксист жігіттің құдайшылдығына қатты тәнті болдым. Күні бойы үйден шықпай, кешке қарай танысымның үйіне кеңес сұрап кіріп шығуым керек болды. Біраз алыстау жерде тұратын.

Мен барсам, шәй дайындап қойыпты. Екеуіміз ыстық шәйдан алып отырып, әлгі жобаны екі сағаттай пысықтап шықтық та, содан кейін одан шығып, жолдың шетінде такси ұстап тұрғанмын. Бір мәшине келіп тоқтай қалды.

Мен келген жаққа соңғы клиентін әкеп тастап, үйіне қарай қайтып бара жатқан беті екен. Баратын жерімді айтып едім, отырғызып алды да, үйге дейін тегін әкеп тастады. Ақша берсем, алмайды. Сөйтсем ол күнде кешке үйіне қайтарда екі адамды тегін апарып тастайтын көрінеді. «Бұрын жұмыстың соңына қарай бір кісіні осылай тегін апарып тастайтынмын. Қазір күн суық қой. Күні бойы тапқан табысымның зекеті болсын деп, қазір өстіп "таксовать" етіп жүргенде екі адамды тегін апаратын болдым. Дұрыс емес пе?!

"Көбіне мен кешке қарай алдамада автобус күтіп тұрған жалғыз-жарым кісілерді апарамын. Кейбіреуі басында отыруға қорқады. Жүзім жылы шығар, сосын отырғаннан кейін қайта-қайта алғысын айтып, әрең түседі мәшинеден" деп күліп қояды. "Жарайды, зекетің қабыл болсын!" дедім, түсіп жатқанда әзілдеп. Қалжыңды түсінетін жігіт екен. "Әумин!" деді де, әлгі жерде мәшинесімен "шииииқ" еткізіп "шлифовать" етті де, үйіне қарай құстай ұшты.

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320