Сенбі, 23 Қараша 2024
3668 0 пікір 2 Ақпан, 2018 сағат 09:43

Тәжікстан және Қырғызстан президенттері Душанбеде кездесті

Душанбе қаласында Тәжікстан және Қырғызстан президенттерінің кездесуі өтті. Қырғыз басшысы Сооронбай Жээнбеков 1 ақпанда Тәжікстанға ресми сапарме барды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың Тәжікстанға ресми сапарының нәтижесінде 8 құжат қабылданды. Бұл жобалар екі ел арасында сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтіп, достық қарым-қатынастарды жақсартуды көздейді. Мемлекеттер шекарадағы шешілмеген мәселелерді делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында келістіретін болды.

Эмомали Рахмон мен Сооронбай Жээнбеков аймақтағы ірі КАСА-1000 жобасын ілгеру дамыту маңызды екенін айтты. Бұл жоба Орталық Азия мен Оңтүстік Азияның энергетикалық нарықтарын біріктіруді көздейді.

"Қырғызстан мен Тәжікстанда мықты достық байланыстырады. Біз көптеген мәселелер бойынша пікір алмасып, жаңа мақсаттарды айқындадық, халықаралық өзекті мәселелерді қозғадық", - деді Жээнбеков.

Екі күндік сапары барысында қырғыз президенті Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода және тәжік парламенті төменгі палатасының спикері Шукуржон Зухуровпен кездеседі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371