Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2351 0 пікір 10 Маусым, 2009 сағат 21:39

Меруерт БОРАШҚЫЗЫ. Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру: Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

Екінші деңгейдегі банктердің бірқатары ипотекалық несиені қайта қаржыландыру шарттарына өзіндік түзетулер мен толықтырулар енгізіп жатқан түрі бар. Алайда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры: «бұл заңсыз әрекет» дегенді алға тартады. Өз тарапынан отандық заемшылардың біразы «Самұрық-Қазына» қорына банктердің кереағар әрекетіне байланысты шағымданып, арыз айтып жатыр.
«Азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым-арыздарды сарапқа салғанда байқағанымыз, кейбір банктер ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша үш жылдан кейін пайыздық мөлшерлемені көтеру жөнінде шарт қойып жатқан көрінеді. Банктердің бұл әрекеті заңға қайшы. Бағдарламада белгіленген 9 пайыздық және 11 пайыздық үстеме ставкалары қарыз өтеу мерзімінде толық қолданылады, бұл мөлшерлеме көрсеткіштерін бірде-бір банк өз қалауымен өзгерте алмайды», - деп мәлім етті өткен аптда «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры.

Екінші деңгейдегі банктердің бірқатары ипотекалық несиені қайта қаржыландыру шарттарына өзіндік түзетулер мен толықтырулар енгізіп жатқан түрі бар. Алайда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры: «бұл заңсыз әрекет» дегенді алға тартады. Өз тарапынан отандық заемшылардың біразы «Самұрық-Қазына» қорына банктердің кереағар әрекетіне байланысты шағымданып, арыз айтып жатыр.
«Азаматтардан келіп түсіп жатқан шағым-арыздарды сарапқа салғанда байқағанымыз, кейбір банктер ипотеканы қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша үш жылдан кейін пайыздық мөлшерлемені көтеру жөнінде шарт қойып жатқан көрінеді. Банктердің бұл әрекеті заңға қайшы. Бағдарламада белгіленген 9 пайыздық және 11 пайыздық үстеме ставкалары қарыз өтеу мерзімінде толық қолданылады, бұл мөлшерлеме көрсеткіштерін бірде-бір банк өз қалауымен өзгерте алмайды», - деп мәлім етті өткен аптда «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры.
Мемлекеттік қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметте, сондай-ақ: «Самұрық-Қазына» мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы келісім-шартта, егер банк мемлекет қаражатын белгіленген мақсатқа емес, өз мәселесін реттеуге жұмсап жатса, онда мемлекеттік қор бөлінген қаражатты, не оның қандай да бір бөлігін қайта қайтаруды талап ете алады деген тармақ бар» деп те көрсетілген. Сонымен қатар, қор мәліметінде: «азаматтардың ипотекалық кредиттерін үкіметтің тұрақтандыру бағдарламасы аясында қайта қаржыландыру мақсатында жұмсалған қаражат қайта талап етілмейді» деген де ескерту бар.
«Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Қайрат Әйтекенов мырза бұл тұрғыда: «Қор серіктес банктерді аталған бағдарлама аясында мейлінше мұқият қимылдап, осынау әлеуметтік маңызды миссияны тиісті деңгейде орындауға шақырады, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген қаражат тек белгіленген мақсатқа жұмсалуы тиіс, банктер өз жауапкершілігін борышкердің мойнына жүктей алмайды», - деп мәлім етті.
Алайда, аталған бағдарлама аясында мемлекет қаражатын алып отырған банктердің дені, «сыйақы үстемесін өзгерту жайында біздің тарапымыздан мәселе көтерілген жоқ» деп, маңайына шаң жуытар емес. ЦентрКредит Банктің басқарушы директоры Марат Кенжехановтың хабарлауынша, аталған банк пайыздық мөлшерлеме көтеру деген мәселені «мүлдем қозғап отырған жоқ». Сол сияқты, Темірбанктің атқарушы директоры Сәуле Исина ханым да: «Біздің банк қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша сыйақы ставкасын көтеруді жоспарлап отырған жоқ» деп қысқа қайырды.
Десе де, Kaspi bank-тің атқарушы директоры Павел Миронов айтқан мына бір әңгіме төркіні біраз нәрсені аңғартқандай. «Біздің қолымыздағы барлық келісім-шарттарда, қай бағдарлама бойынша болса да, банк мөлшерлеме көрсеткішін өзгерте алады деген бап бар, бірақ, әрине, белгілі бір жағдайға байланысты ғана. Мәселен, заңның өзгеруі не болмаса банктер мен азаматтардың қаржылық қарым-қатынасты реттейтін жаңа нормативті актілердің қолданысқа енуіне байланысты себептер орын алып жатса», - дейді Миронов мырза.
Бірақ, Kaspi bank өкілінің «құлағына алтын сырға» дей отырып, банкирдің бұл сөзіне уәж айтқымыз келеді. Қалай дегенмен, «Самұрық-Қазына» мемлекет қаржысын екінші деңгейдегі  банктерге 20 жылға салып отыр, ендеше борышкер үшін, яғни ипотекалық несиесін қайта қаржыландырудан өткен қарапайым азамат үшін мөлшерлеме көлемін көтеру сынды тәуекел туындамауы тиіс. Өз тарапынан Миронов мырза: «Әлбетте, борышкер азамат банктен алған кредит мөлшерлемесінің қалайда төмен болғанын қалайды, ал мемлекеттік бағдарлама бойынша несие ставкасы, тіпті банк депозиттерінің нарықтық сыйақысынан да төмен екенін ескерткім келеді» деп банктер үшін өзекті кезекті бір мәселені алға тартты.
Ал, отандық банктердің біріндегі ақпарат көзінің айтуынша, «біздің банктер мемлекеттен қаржы алу дегеннің не екенін жақсы біледі».
«Жалпы, қаржыгерлер шенеуніктерге аса сене бермейді, әсіресе, ипотеканы қайта қаржыландыру аясында мемлекеттік қаражат қайтып алынбайды деген сөзге. Сондықтан да олар өз тәуекелдерін қолданыстағы бағдарлама аясына кіргізіп жіберуді көздейді», - дейді ақпарат көзі. Ол, сондай-ақ: «Егер мемлекеттік қор ақшаны қайтарып алса, онда банктер сырттан, яғни мемлекеттік емес қаржы көздерінен 14-15 пайызға қаражат тартуға мәжбүр болады, ал ипотеканы қайта қаржыландыру үстемесі  9-11 пайызды құрайды. Мұндай жағдайда банктің пассив және актив көрсеткіштерінің маржасы теріс нәтиже береді», - деп түсіндіреді ақпарат көзі.
Осы себептен де, мемлекеттік қордың серіктес банктері ипотекалық несие алған азаматтармен өзіндік келісім жасауға барып отыр. Естуімізше, ірі банктердің бірі өз клиенттеріне: «егер мемлекеттік қор банкке берген қаражатын қайтып алса, онда борышкер қалған қарызын мерзімінен бұрын толық көлемде өтеп шығуы тиіс» деп ескертіп жатқан көрінеді.
Ал, БТА Банк басқармасының төрағасы Әнуар Сәйденовтың айтуынша, мұндай жағдайда мемлекеттік қор мен екінші деңгейдегі банктер қалай да бір мәмілеге келуі тиіс.
«Бір жағынан алғанда, мемлекеттің бұл бағдарламасы әлеуметтік бағытқа негізделген, екінші жағынан алғанда – банктер бұл қаражатты түбінде мемлекетке қайтаруы тиіс және де белгілі бір деңгейде пайыздық үстеме қосып. Сондықтан да, банктердің өз тәуекелін бағалау талаптары – орта мерзімді перспектива аясынан қарағанда дұрыс шешім», - деп есептейді Сәйденов мырза.
БТА Банк басшысының пікірінше, мемлекеттік бағдарлама аясында әл-ауқат қоры серіктес банктерінің әрқайсысымен кейінгі талап, шарт жөнінде бөлек сөйлескені дұрыс, мәселен банктен мемлекеттік қаражатты шығару мерзімін нақтылап белгілеу, не болмаса қайта қаржыландырылатын ипотека бойынша банктерге пайыздық мөлшерлемені қайта қарау мүмкіндігін беру тұрғысында, дейді Әнуар Сәйденов мырза.

 

 

 

«Қазақстан Іскері», №11, 4-маусым, 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565