Сенбі, 23 Қараша 2024
3379 0 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:31

Үш жастағы баласын есінен танғанша сабаған әйелге қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстанның Ош қаласында 24 жастағы А. Д. есімді әйелді ұлын ұрғаны үшін қамауға алды. Бұл туралы Ош қаласы ішкі істер департаментінің өкілі Замир Сыдыков хабарлады.

Оның айтуынша, 4 ақпанда ол ауыр жарақаттанған баласын Ош облыстық ауруханасына алып келген. Ол үш жасқа толмаған бала баспалдақтан құлап кетті деген. Баланы тексеру кезінде денесі көгергені, ішкі органдары зақымданғаны, миына қан құйылғаны анықталды.

Тергеу барысында баланы анасы ұрғаны белгілі болды. Әйел қылмысын мойындаған. Ол баласы тіл алмағанын айтқан.

"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Сот оны қамауда ұстау мәселесін қарайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371