Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
4216 1 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:32

АҚШ Ирактағы әскер санын қысқарта бастады

Ирак билігі "Ислам мемлекеті" экстремистік тобын жеңгенін жариялаған соң, АҚШ бұл елдегі өз әскерін қысқарта бастады. Бұл туралы Ирак үкіметінің ресми өкілі 5 ақпанда мәлімдеді.

Саад әл-Хадитидің хабарлауынша, жихадшыларға қарсы күрес аяқталды, "сол себепті мұндағы америкалықтар саны қысқарады".

Хадити америкалық әскерді шығары енді ғана басталғанын ескертті. АҚШ басқаратын коалиция сапында келісіммен қызмет жасайтындар да бұл мәлімдемені растап отыр. Олар АҚШ сарбаздары, қару-жарақтары Ирактан Ауғанстанға көшіріліп жатқанын хабарлаған.

Мәліметтерге қарағанда, өткен аптада ондаған америкалық сарбаз бұл елден кеткен.

Құрама Штаттар Иракта экстремистік топтарға алғашқы соққысын 2014 жылы тамызда жасаған, одан кейінгі жылдары Ирактағы басты әскери қимылдарға қолдау көрсетті.

Пентагонның қараша айында жариялаған баяндамасында Иракта қыркүйекте 8900 АҚШ сарбазы бары айтылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1391
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2968
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1038
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 970