Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
4545 6 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:34

Украина Саакашвилиге босқын мәртебесін бермеді

Киевтегі сот Грузияның бұрынғы президенті және украиналық "Жаңа күштер қозғалысының" жетекшісі Михаил Саакашвилиге Украинада саяси босқын мәртебесін беруден бас тартты.

Енді Одесса облысының бұрынғы губернаторын Грузияға экстрадициялауы мүмкін. Адвокаттар конституциялық сотқа шағымдануды көздеп отыр.

2017 жылы шілдеде Украина президенті Саакашвилидің украиналық азаматтығын алып қойды. Қыркүйек айында саясаткер көші-қон қызметінен босқын мәртебесін сұраған.

5 қаңтарда Тбилиси қалалық соты Саакашвилиді президенттік қызметін асыра пайдаланған деген айыппен үш жылға соттады. Саясаткер украиналық билік өзін тезірек экстрадициялауға тырысып жатыр деп есептейді.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 992
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1344