Сенбі, 23 Қараша 2024
3730 0 пікір 6 Ақпан, 2018 сағат 08:42

Әзербайжанда мерзімінен бұрын президент сайлауы белгіленді

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев елде мерзімінен бұрын - 11 сәуірге президент сайлауын белгіледі.

Бұл елде президент сайлауы заң бойынша қазанның 17-сі күні өтуі тиіс болған еді. Әлиевтің 5 ақпанда шығарған жарлығы бойынша, сайлауды ерте өткізу «Әзербайжан Конституциясы мен сайлау туралы заңына сай келіп тұр».

Әзербайжан Конституциясы 2016 жылы қыркүйекте өткен даулы референдум бойынша өзгертіліп, Әлиев мерзімінен бұрын сайлау белгілеу құқығына ие болған.

Ал былтыр желтоқсанда елдің сайлау туралы заңына енгізілген өзгерістерге сай, мерзімінен бұрын президент сайлауы 60 күн бұрын жариялануы тиіс.

Әлиевтің президент сайлауын неліктен ерте қойғаны әзірге белгісіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371