Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3323 0 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 15:51

Алматы облысында биыл шағын және орта бизнестің 100 нысаны ашылады

Облыстағы шағын және орта бизнесте 110 мың субъекті, оларда жұмыс істейтіндердің саны 11% өсіп, 248 мың адамға жетті. Осы салада өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 1 трлн. теңгенің айналасында, олардан 75 млрд. теңге салық түсіп, оның жергілікті бюджеттегі үлесі 37-ден 43%-ке өсті. Оған қоса ШОБ-ның биылғы жылы 12 мың жұмыс орнымен 100 жаңа нысаны ашылатын болады. Бұл цифрлық көрсеткіштер облыс әкімі А. Баталовтың есеп беру жиынында айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Елбасының Жолдауын жүзеге асыра отырып, біз биылғы жылы кәсіпкерлік саласында қуаты әртүрлі 100 нысан ашуды көздеп отырмыз. Сөйтіп ШОБ-дан түсетін салық көлемін 45%-ке дейін жеткізбекпіз. Соның нәтижесінде шағын және орта бизнесте 12 мың азамат жұмыспен қамтылатын болады. Бұл өз кезегінде өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың едәуір бөлігін жұмысқа орналастыруға және олардың жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлесін 30-дан 25%-ке төмендетуге жағдай жасайды, - деді А. Баталов.

Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытудың мүмкіндіктері мол. 2017 жылы мемлекеттік қолдау көлемі 9,3 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары аясында және «Даму» қоры арқылы 7,9 млрд. теңге қарастырылды. Облыстың барлық аудан орталықтарында «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылатын болады. Қазір мұндай орталықтар Талдықорған, Текелі қалаларында және Ескелді ауданында бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371