Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4533 0 пікір 7 Наурыз, 2018 сағат 09:11

Түркияда түркімен қызына 2,4 млн доллар ұрлады деген айып тағылды

Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары түркімен мигрантының ірі ұрлығы туралы жазып жатыр. Ірі көлемде киберұрлық жасады деп күдікке ілінген мигрант Түркіменстаннан келген жас қыз болып шыққан.

Түрік басылымдарының жазуынша, Стамбұлда халықаралық бизнеспен айналысатын фирманың электронды адресі арқылы компанияның 9 млн 120 мың түрік лирін (2,4 млн АҚШ доллары) ұрлаған. Операция барысында 14 адам ұсталған. Оның жетеуі - шетелдік.

Стамбұл полициясындағы дереккөздің хабарлауынша, ұсталған шетелдік хакерлік топтағы бір күдіктінің аты-жөні Нұргозел Гуйджова.

Тергеу барысында электронды поштаның адресін "мейл хакер" вирусы арқылы ұрлағаны анықталған.

Полициядағы IT қызметкерлер шабуылдаушыларды табу үшін, компания атынан жаңа электронды пошта ашып, компания берешектеріне ақшаны қайтару жөнінде өтініш жіберген. Операция кезінде өтініш-хатты хакерлік топтың алғаны белгілі болған. Олар осылайша тұтқынға түскен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1182
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2710
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 830
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 800