Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
4722 8 пікір 7 Наурыз, 2018 сағат 09:14

Сирияда ресейлік Ан-26 ұшағы құлап, 39 адам қаза тапты

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Сирияда апатқан ұшыраған Ан-26 ұшағында 39 адам болған.

Қорғаныс министрлігі әзірге қаза тапқандардың аты-жөнін жарияламады. Mash телеграм-каналының мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштерінің 6-армиясына тиесілі Ан-26 ұшағы Алепподан Хмеймимге ұшқан. Әуе кемесінде жолаушылар да болған.

"Ұшақ Хмеймим аэродромына қонар кезде апатқа ұшырады. Бортта 33 жолаушы және экипаждың алты мүшесі болған", – деп хабарлайды Ресей қорғаныс министрлігі. Онда сонымен бірге ресейлік әскери қызметкерлер болған.

Ресей тергеу комитеті ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

2018 жылдың ақпан айында Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 шабуылдаушы ұшағы апатқан ұшыраған. Ұшқыш Роман Филипов жерге қонып, бірақ құрлықтағы ұрыс кезінде қаза тапқан.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 977
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1329