Билікті қосыла кінәлайын десең...
Қазір мектеп пен мұғалім туралы сөз болса "Баяғыда мектеп керемет еді. Мұғалімдер шетінен данышпан еді. Мұғалімді көрсе кірерге тесік таппай қалатын біз де керемет едік. Мұғалімге қосыла таяқтайтын әке-шешеміз тіпті керемет еді" - деп өзеуреп шыға келетін көкірек көздері соқырлар жетерлік...
Жоғарыда біз атап өткеннің бәрі тәрбиеміздің кереметтігінен болған жоқ. Оның бәрі тек артта қалған тоталитарлық қоғамға ғана тән белгілер.
Неліктен солай болды?
Біріншіден, ауылдағы ең білімді адам көпшілігі 7 класты бітірсе де, сол мұғалімдер еді.
Екіншіден, КСРО-ның темір қорғаны өзге елдермен салыстыруға мүмкіндік бермеді.
Үшіншіден, 21-ғасырдың талабы мүлдем басқа...
Баланы ұрып-соғып қорқытып оқытудың заманы әлдеқашан өткен..
Бала басқаны білмесе де, "Бала құқықтары туралы" Конвенцияны жақсы біледі.
Бүгінгі күнгі ата-ана мен мұғалімнің міндеті баланы ешқандай қорқыту-үркітусіз өз беделіне бас идіру...
Бұл үшін адам ең алдымен өзімен жұмыс жасау керек.
Өзімен жұмыс жасау қиын болғандықтан ата-ана мұғалімді, мұғалім ата-ананы, ал екеуі жабылып билікті кінәлайды.
Билікті қосыла кінәлайын десең...
Қазір 5 адамның төртеуінде машина бар. Солардың көпшілігі тек инспектордан қорыққаннан ғана автоның руліне арақ ішпей отырады. Қауіпсіздік белдігін де сол инспектор үшін ғана тағады.
Кімді кінәлайсың?
Сонымен алдыңнан "Тауық пен жұмыртқаның қайсысы бірінші пайда болды?" деген сұрақ тағы шыға келеді..
Өмір Шыныбекұлы
Facebook-тегі парақшасынан