Сенбі, 23 Қараша 2024
3260 0 пікір 27 Наурыз, 2018 сағат 08:33

Өзбекстанда бюджет қызметкерлеріне өніп кеткен көкөністерді қымбатқа өткізген

Өзбекстанның Қашқадария облысы Китаб ауданында медицина бірлестігінің қызметкерлерін өніп кеткен пияз пен картоптан кем дегенде 20 келі сатып алуға мәжбүрлеген. Дәрігерлер жұмыстан шығып қалудан қорқып отыр.

"Облыстан бізге бірнеше тонна пияз бен картоп жолдаған. Облыс пен аудан басшылары әрбір дәрігер 20 келі көкөніс сатып алсын деп тапсырған. Біздің басшылық оны сатып алудан бас тартқандар жұмыстан шығу туралы өтініш жазуын талап етті", - дәрігерлердің бірі.

Оның айтуынша, қызметкерлердің көбісі басшылық ұсынған көкөністі алғысы келмеді, өйткені олар пияз пен картопты өздері өсіріп ала алады.

Китаб ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі басшылық өніп кеткен көкөніс сатып алуға мәжбүрлегенін мәлімдеді. "Биыл базарда пияз көп. Бір келісі 500-800 сум тұрады. Ал бізге пияздың бір келісін 1800 сумға (шамамен 0,3 доллар) ұсынып отыр. Базарда картоптың келісі 3 мың сум тұрса, олар бізге 3800 сумнан сатты", – деді ол.

Қашқадария облысы Яккабаг ауданындағы бір мектептің мұғалімі "ұстаздардың айлығынан пияз пен картопқа 32 мың сум ұстап қалғанын мәлімдеді.

Китаб ауданындағы медициналық бірлестіктің бас дәрігері Хаким Саидов медициналық қызметкерлерден картоп пен пияз сатып алуға мәжбүрлеп жатқанын жоққа шығармады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364