Қырғызстанда немересін 300 долларға сатпақ болған әйел ұсталды
Ош қаласының милициясы немересін сатуға талпынған 59 жастағы әйелді қамауға алды.
ІІМ мәліметі бойынша, 22 наурызда оны 20 мың сом (шамамен 300 доллар) алған жерде ұстаған. Ол бір айға да толмаған немересін "сатып алушыға" тастап кеткен.
Нәрестені бірден әлеуметтік қызметкерлер алды. "Адам саудасына" қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті тергеу абақтысында отыр. Тергеушілер әйелдің мұндай әрекетке не себеп болғанын анықтайды.
Abai.kz