Сенбі, 23 Қараша 2024
3536 1 пікір 27 Наурыз, 2018 сағат 08:38

Пол Райан: Трамп Обамаға қарағанда Ресейге айтарлықтай қатал

АҚШ конгресі өкілдер палатасының спикері Пол Райан ресейлік 60 дипломатты елден шығарып, Сиэттлдағы Ресей консулдығын жабу туралы президент Дональд Трамп әкімшілігінің шешімін қолдайды.

Оның пайымдынша, бұл - Ресей әрекетіне дұрыс жауап және ГРУ агенті Сергей Скрипаль мен оның қызының улануына Кремльдің қатысы бар деп айыптаған Ұлыбританияны қолдау

Пол Райан 26 наурызда Прагадағы Азат Еуропа/Азаттық Радиосының редакциясына келді. "Настоящее время" телеарнасына сұқбат берген ол Ресейге қатысты санкцияның, оның ішінде Владимир Путиннің айналасындағы "олигархтарға" қаржылық санкцияның күшейгенін қолдайтынын айтты.

Ол санкция Ресей халқына емес, Путиннің айналасындағыларға салыну керек деген Алексей Навальныйдың ойы "жөн" деп атап өтті.

Чехия сапарында Пол Райан жергілікті билік өкілдерімен ресейлік хакер Евгений Никулинді Прагадан АҚШ-қа экстрадициялау жайын да талқылағанын мәлімдеді. Мәскеу оны Ресейге экстрадициялағысы келеді

Республикашыл Пол Райанның пікірінше, Дональд Трамптың республикашыл әкімшілігі Ресейге Барак Обама үкіметіне қарағанда айтарлықтай қатал. Оған санкциялар дәлел.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364