Сенбі, 23 Қараша 2024
Талқы 3167 0 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 09:58

Үміттен гөрі, күдік көп

Үкіметіміздің «Цифрлы Қазақстан» атты мемлекеттік бағдарламаны қабылдағандығына көп уақыт өткен жоқ.  Оның қазіргі таңда аса қажетілігіне ешкім де күмән тудыра қоймас. Ол жемісті түрде жүзеге асқан кезде экономикамыз мүлде басқа қалыпқа енеді. Басқару тәсілі жеңілдейді, еңбек өнімділігі бірнеше есеге өседі, технология түбірімен жаңарады. Қысқасы, біздің дамыған елдердің қатарынан көрінуімізге толық мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы, қарапайым адамдардың жақсы жұмыс істеп, демалуы мен емделуіне қолайлы жағадай туғызылады. Алайда осынау жақсы жаңалықтар мен оң өзгерістердің мән-жайын қалың көпшілік түсіне қойды ма екен? Оған менің үлкен күмәнім бар. Өйткені цифрлы технология дәуіріне өтуге деген дайындық аса көңілге қона қоймайтын секілді. Мәселен, көп жұрттың көңілінен шыға бермейтін денсаулық сақтау саласын алып қаралық. Оны цифрландыруды біздің облыс қызу қолдап, бірден іліп әкетті .Осы жылдың басынан бастап  «Қағазсыз аурухана» мемлекеттік жобасы аясында ауруханаларды, емханалар мен диспансерлерді цифрландыру жүзеге асырылмақ. Бұл не береді? Ол ең алдымен дәрігерге онлайын режим негізінде жазылуға, электронды сырқат қағазы мен электронды денсаулық төлқұжатын тіркеуге жол ашады.

-Цифрландыру аясындағы медициналық көмек көрсету адамдарға аса қолайлы болмақ,-дейді Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамыту Республикалық орталығы филиалының басшысы Андрей Соловьев.

«Қазір екінің бірінде қалта телефоны бар. Демек,  мобильді қосымшалардың тиімділігі артады. Сол қалта телефоны арқылы өзіңе ыңғайлы уақытта дәрігерге жазыласыз, жеке кабинетке тіркелесіз және де онлайн кеңес ала аласыз. Сондай-ақ пациент зертхана зерттеуінің қорытындысын да онлайн режимде алады. Ал электронды төлқұжатта сырқатының тарихы, тіпті аллергиялыясы жайлы да жазылады. Осынау цифрлі түрде тіркелу тізіміне облысымыздағы үш психатриалық аурухана, СПИД орталығы, балалар тіс емханасы мен онкологиялық диспансер енгізіліп отыр», дейді Андрей Соловьев мырза.

Қарап отырсаң, ертең ауыра қалсаң, бәрі де жеп-жеңіл шешіліп, ұзан-қайыр кезектен арылып, дәрігерлер жаныңнан табыла кетеді екен. Мұнан артық қандай арман керек. Арман дегенді бекер кайтып отырған жоқпыз. Өйткені бұл ғажайыптың мынау нақты өмірде бірден жүзеге асуы тым қиын болатын түрі бар. Өйткені оны жылдам енгізуге толық жағдай жоқ десек те болады. Оны Қостанай облыстық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Абат Жәуіков мойындағандай кедергілер жетіп артылады. Мәселен, басты проблема кең жолақты, аса жылдам ғаламторға келіп тіреледі. Онсыз цифрлы технология дегенді жылы жауып қоюға болады. Ал орынбасардың айтуына қарағанда әлгіндей ғаламтор өңірдегі тек 164  медициналық мекемеде ғана бер. Бұл  мұндай барлық мекеменің 32 пайызына әзер жетеді. Қалғандары, яғни үштен екісі баяғы таз қалпында. Мұны аз десеңіз, облдысымыздағы 366 ауылдық денсаулық мекемесінде ғаламтор дегеннен мүлдем хабарсыз. Міне, сондықтан да тек оны өткізуге ғана 400 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, дәрігерлердің өздерін ғаламторды игеруіне арнайы бөлінетін қаражатты қосыңыз. Ол да анау-мынау азғантай дүние емес, қомақты қаржы. Бұған енді облысымызда дәрігерлерге деген мұқтаждықтың еоелден ерекше екендігін қосыңыз. Мәселен, біздің өңірде ғана барлығы 600-дей дәрігер жетіспейді. Әсіресе, анестезиолог, хирург, реаниматолог, акушеров-гинеколог и педиатр дегендер мүлдем қат. Бұл проблемалаар ауылдық жерлерде ғана емес, үлкен қалаларда да өткір күйінде қалып отыр. Мәселен, Қостанай қаласындағы перинатальдық орталық мамандармен тек 60 пайызға ғана жабдықталған. Демек, алдымен кадрлар мәселесін шешеіп алмай, қандай            жаңалық енгізем деу, бос әурешілік.

Мінекей,осыдан кейін көңілге көп күдік ұялайтындығын қалай жасырарсыз. Оның үстіне дәрігерге онлайн-режимінде қабылдауға жазылу сол баяғы орасан үлкен кезекті қалай азайтатындығын ешкім де түсіндіріп бере алмайды. Облысымызда медицицна саласында дәргерлердің жетіспетйтіндігі айтыла да, жазыла да жауыр болған тақырып екендігін ескерсек, әлгі кезек деген пәленің азаятындығына ешкім де сенбейді. Демек, мамандардың қат кезінде цифрлы техногияны енгізу жоғары жаққа жалған ақпарат беріп, «бәрін де қатырып жатырмыз» деп жақсы атты көрініп қалу демеске лаж жоқ. Жалпы, бізде қандай да бастама алдымен еш дайындықсыз басталып, кейін ол сиырқұйышақтанып кетіп, ешкімнің де есінде қалмайтын «жазылмастай сырқат» синдромы бар. Біздің қорқатынымыз осы. Әйтпесе осы цифрлы технологияның ойдағыдай жүзеге асуына тілектес емес адамды табу қиын шығар.

Жайберген Болатов

Қостанай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385