Онда жергілікті "құқыққорғаушы ұйымдардың сараптамалық кеңесі" халықаралық Amnesty International ұйымы мен Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы өлшемдері негізінде сәуірдің 4-і күні қабылдаған "Қазақстандағы саяси тұтқындардың" жаңартылған тізімі бар.
Бұл тізімге 2016 жылы сотталған құқыққорғаушылар Макс Боқаев, Талған Аян; 2017 жылы сотталған кәсіподақ лидерлері Әмин Елеусінов, Нұрбек Құшақбаев; 2017 жылы сотталған Махамбет Әбжан, Санат Бөкенов секілді құқыққорғаушылар мен журналистер т.б. қоғам белсенділері кірген.
Қазақстандағы саяси тұтқындардың жаңартылған тізімінде жергілікті құқыққорғаушылар бұған дейін де саяси тұтқын немесе ар-ождан тұтқыны деп таныған адамдар: 18 жылға сотталған ақын әрі диссидент Арон Атабек (2006 жылдан бері түрмеде отыр); 2009 жылы 14 жылға сотталған "Қазатомөнеркәсібі" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев; 2012 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған құқыққорғаушыВадим Курамшин; 2015 жылы "діни алауыздық қоздырған" деген айыппен 4 жыл 8 айға сотталған Сәкен Тұлбаев бар.
Сараптамалық кеңеске қатысқан құқыққорғаушы Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, кеңес отырысы сәуірдің 4-і күні Қазақстанның адам құқығын қорғау жөніндегі бюросының кеңсесінде өткен. Шорманбаев Қазақстандағы саяси тұтқындар тізімін түзген кезде халықаралық құқыққорғау ұйымдарының өлшемдері есепке алынғанын құқыққорғаушы ретінде ғана емес, сонымен бірге заңгер ретінде растайтынын айтты.
Abai.kz