Сенбі, 23 Қараша 2024
3184 0 пікір 24 Мамыр, 2018 сағат 09:24

Қазақ-өзбек форумында 60 млн доллардың келісімдеріне қол қойылды

22 мамырда Шымкент қаласында өткен қазақ-өзбек іскерлік форумы аясында бірқатар екіжақты құжаттар қабылданды. Форум екі елдің ресми тұлғаларының, жүздеген кәсіпкерлердің қатысуымен өтті, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстың кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған форумға қатысушылар бірлескен жобалар жасау, өнімдерді экспорттау және импорттау, басқа елдердің нарықтарына шығу үшін өзара көмектесу мәселелерін талқылады.

Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, форум аясында 62 млн доллар тұратын сегіз құжатқа қол қойылды. Оның ішінде ОҚО әкімдігі мен өзбектің Alliance textile компаниясы арасында аймақтағы мақта-мата саласына инвестиция салу меморандумы бар.

Бұған қоса, әкімдік пен өзбектің "Дентафиль плюс" компаниясы облыста медициналық бұйымдар өндіру жөнінде зауыт құрылысын салу туралы меморандум қабылдады.

Бизнес-форум кезінде іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Өзбекстан соңғы уақытта көрші елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынасын жақсартуға күш салып отыр. Елдің сыртқы саясаттағы бағытының өзгеруіне 2016 жылы билікке Шавкат Мирзияевтің келуі түрткі болды. Мирзияев Өзбекстанды оқшаулау саясатын жүргізіп келген президент Ислам Каримовтің қазасынан соң билікке келген еді. Ресми Ташкент Орталық Азия мемлекеттерімен байланысты жақсарту - сыртқы саясаттағы басым бағыты ретінде атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394