Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 7115 3 пікір 28 Мамыр, 2018 сағат 09:17

Тау басында тірәктір, бұрандасын бұрап тұр...

Баяғыда сегіз қызы бар бір апамыз сегізінші қызына «тек қана трактористке күйеуге шығасың» деп талап қойса керек. Жұрт сұрамай ма, «Апа-ау, мұныңыз не, ел қызын дипломы бар жігіттерге бергісі келеді, сіздікі керісінше болды ғой» деп. Сөйтсе кейуана айтатын көрінеді «Шырағым бір үйге бір тракторист керек екен» деп. Бірақ ол заманда трактор да, тракторшы те көп еді. Қазір ауылда трактор да тапшы, тракторшы те ілуде біреу. Екінің бірінің дипламы бар шығар, жүздің бірінде ғана трактор бар. Онда да баяғы кеңестік заманнан қалған қаңғылдар көбі. Көктем келгенде диқан түгілі, қарапайым халық алақандай бақшасын жыртқызуға, күзде шөп-жемін жеткізуге трактор таппай зар қағады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Сенат отырысында бүгін сенатор Әли Бектаев еліміздің Премьер-министрінің орынбасары,   ауылшаруашылығы министрі Ө.Шөкеевке аграрлық секторды жаңа техникамен қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен екендігі жөнінде депутаттық сауалын жария етіп, бірнеше талап қойды. Депутаттың сауалдың қысқаша мәтіні төмендегідей:

– Қазақстан әлемдегі  ең  ірі  ауылшаруашылығы  өнімін өндірушілердің қатарына кіру үшін агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жабдықтаудың маңызы зор. Соңғы кездері мемлекет тарапынан ауылшаруашылығын механикаландыруға едәуір қаржы бөлініп жатқанымен аграрлық секторды жаңа техникамен қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен екендігін, жүйелі жұмыстардың тапшылығын мойындауымыз керек. Соңғы 15 жылдың көлемінде Қазақстандағы ауылшаруашылығы техникаларының саны орта есеппен екі есеге азайған. Ал бар техникалардың тозығы жеткен. Бүгінгі таңда 150 мыңға жуық трактордың 65 пайызы, 41 мыңнан астам комбайндарының 46 пайызы, 66 мың мал азығын дайындау техникаларының  67 пайызы, 380 мыңнан астам жер жырту мен өңдеуге арналған техникалардың – 84 тозған, олардың қызмет ету мерзімі 17 жылдан асқан.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай сияқты ең ірі аграрлық өңірлерде тозығы жеткен техникалардың  саны басқа өңірлермен салыстырғанда әлде-қайда көп.

Мамандардың есептеуі бойынша барлық ескі техникаларды жөндеуге және олардың жанар жағар майына жылына 95 млрд. теңгеден астам қаржы артық жұмсалады екен, ол барлық өндіріс шығындарының 20 пайызды құрайды.

Қазақстанда нормативтік қажеттілік бойынша да ауылшаруашылығы техникаларының жетіспеушілігі байқалады. Әр 1000 гектар егістік жерге елімізде 6 трактордан келсе, Аргентинада – 8, Өзбекстанда – 9, Беларуссияда – 11, Канадада – 16, Германияда – 64 трактордан келеді. Комбайндар бойынша да шамамен осындай жағдай қалыптасқан.

Күрделі техникаларды айтпағанда, өзімізде шығаруға болатын 2000-нан астам тырмалар, 3000-ға жуық терең қопсытқыштар, 1000-ға жуық соқалар, 1000-нан астам шөп ору механизмдері мен 6000-нан астам астық тазалау машиналары жетіспейді.

Елімізде техникалар паркін жаңартудың деңгейі де төмен. Техникаларды жаңғырту көлемі осы деңгейде қалатын болса, онда қызмет ету мерзімі 10 жылдан асқан комбайндарды толық жаңарту үшін кемінде 20 жыл, ал тракторларға тағы да 50 жыл қажет.

Жыл сайын ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуға орта есеппен 104 млрд. теңгенің көлемінде қаражат жұмсалса, оның тек 30 млрд. теңгесі ғана отандық өнім өндірушілерге тиесілі. Яғни жаңа техникалардың 70 пайыздан астамы шетелден келеді. Ал өзімізде жиналатын комбайндар мен басқа да машина-тракторлардың Қазақстандық мазмұны 45 пайыздан аспайды.

Бір сөзбен айтқанда ауылшаруашылығы машиналарын жасау саласына ерекше көңіл бөлетін, сол арқылы аграрлық секторды техникамен жабдықтауды түбегейлі өзгертетін уақыт келді. Ол үшін Қазақстанда агротехникалық саясатты қалыптастыратын және агроөнеркәсіптік кешенді техникамен толық жабдықтауға мүмкіндік беретін кешенді салалық бағдарлама қажет.

Осылай деген сенатор Үкімет басшысының орынбасарына жеті бағдарламалық талап қойды. Тек осы талаптар жүзеге асқанда ғана Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасымен қамтылған елдер қатарынан көріне алуы мүмкін.

Айтпақшы, әлгі апама сонда елдер күліп еді, қазір трактордан қажетті техника, тракторшылардан сыйлы адам жоқ. Осыны көргенде Үкіметке қарағанда ауылдағы сол апаларымыз көрегендеу ма деп қаласың.

Әділбек Қаба

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321