Жұма, 22 Қараша 2024
4592 2 пікір 1 Маусым, 2018 сағат 11:20

Әйтімова. Мектеп асханаларында мәзір әрдайым талаптарға жауап бере бермейді

Бала едік. Мектепке әкеліп жеген тамақ тәтті сияқты көрінетін. Дәл мектептің алдында кішкентай буфет-дүкен бар еді. Үзілісте бүкіл бала соған жүгіретінбіз. Үлгергеніміз тәтті-тәмелек алып жүрек жалғайтынбыз. Алты сабақ болған күндері қарнымыз арқамызға жабысып, ашығып қалушы едік. Кейін мектепте тамақ беретін болды. Керемет. Сол бәліштердің дәмін әлі ұмытқан жоқпыз. Сабақты жартылай бастағанда қарын аша бастайтын. Тамақты шала пұла іше салып, мектепке асығатын балалығымыздан шығар дейтінбіз. Сөйтсек, ол жаңадан жетіліп келе жатқан баланың ағзасының қалыпты сұранысы екен ғой.

Бүгінгі Сенат отырысында сенатор Бірғаным Әйтімова Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, тура сол мәселені, яғни мектеп жасындағы балалардың қалыпты физикалық және ақыл-ой дамуы үшін олардың еңбек қабілеттілігі мен төзімділігін жоғарылату үшін, аурулардың бірқатар түрлеріне жақсы қарсылық көрсету үшін негізгі қоректік заттарды күнделікті тұтыну және олардың тағамдық рациондағы теңгерімділігі арқасында жағдайлар жасалуы қажеттігін көтерді. «Мектеп оқушысының тамақтануы рационалды және салауатты болуы қажет, себебі бұл уақытта ағзаның қалыптасуы жүзеге асады» ,- деді депутат.

Еліміздің заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыратыны туралы айта келіп, кейбір түйткілді мәселелерге Үкімет басшысының көңілін аудартқан сенатор Б. Әйтімованың депутаттық сауалының қысқаша мәтіні төмендегідей:

– Қазіргі уақытта елде жергілікті бюджеттер мен демеушілік қаражат есебінен тегін ыстық тамақпен 442 263 немесе 17,6%  (салыстырмалы түрде 2016-2017 оқу жылында – 477 112 немесе 18%) оқушы және 2 042-сі – тегін буфеттік тамақпен, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар және бастауыш сыныптардың оқушылары қамтылған.

Қалған оқушыларға жергілікті атқарушы органдар мектептегі тамақтануды ата-аналар есебінен ұйымдастырады.

Республиканың 3 өңірінде әкімдердің бастамасы бойынша тегін ыстық тамақ бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылған (Астана қаласы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары).

Өкінішке қарай, соңғы уақытта жеке кәсіпкерлер қызмет көрсететін бірқатар бірқатар мектеп асханаларында мәзір әрдайым талаптарға жауап бере бермейді, тағамдарды өрескел бұзушылықтармен, оның ішінде, технологиядан ауытқып әзірлейді, есептен алдау және кем өлшеу фактілері орын алады. Жыл сайын осы салада жұмыс тәжірибесін жинақтап үлгерместен мектептегі тамақтануды ұйымдастырушы ауысып тұрады. Нәтижесінде оқушылардың республика бойынша мектеп асханаларындағы сапасыз тамақпен улануының жағдайлары жиі кездесуде.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін балаларды тамақтандыруды жаппай және сапалы қамтамасыз ету үшін республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде келесі шараларды қабылдау қажет деп есептейміз:

  • балаларды денсаулықты қолдауға және семірудің алдын алу, оқуда сәтті жұмысқа қабілеттілік үшін қажетті пайдалы, үйлестірілген тамақтануды таңдауға ынталандыратын тетіктерді көздеу;
  • оқып жүрген кезде тамақтану мәдениетіне дағдыландыру, оқушылардың мектепте де, үйде де тиімді және үйлестірілген тамақтануға ықпал ететін жағдайлар жасау;
  • уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып барлық жердегі, оның ішінде ауылдық жерлердегі бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру;

- білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету туралы шарттың қолданылу мерзімін 1 жылдан ұзарту (мысалы, 3 жыл). Осылайша, қазіргі уақытта келісім-шарт тиісті қаржы жылына міндеттемелері бойынша бөлінген қаражат шегінде бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жасалады және жеткізуші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда шарт мерзімінің аяқталуы бойынша екі реттен артық емес ұзартылады;

- мектеп асханасында жоқ жабдықты сатып алу және (немесе) тозған жабдықты жаңа жабдыққа ауыстыру қажеттілігі бар мектептерде - тамақтандыруды ұйымдастыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасау арқылы жүзеге асыруға болатындай норманы енгізу;

- жергілікті атқарушы органдарға тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, тауарлар жеткізушіні таңдауды жүзеге асыратын органды анықтау құқығы берілсін. Яғни, конкурсты ұйымдастырушы (тапсырыс беруші):

1) орта білім беру ұйымы, орта білім беру ұйымы өз бетінше бухгалтерлік есеп жүргізбейтін жағдайда білім беру органы болады;

2) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасау арқылы жүзеге асырылатын жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы болады;

- Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) мектептік тамақтандыру комбинаттарының оң жұмыс тәжірибесін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың өз құзыреті шегінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мектептік тамақтандыру комбинаттарының құру мүмкіндігін қарастыру;

- жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасау мақсатында, мектеп қоғамдастығының, ата-аналардың, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ-ң назарын мектепте тамақтануды ұйымдастыруға, оның ішінде тамақтанудың сапасы мен қауіпсіздігіне аудару.

Жалпы алғанда, мектептегі тамақтанудың кешенді мәселелерін шешу бүкіл қоғамның, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, мамандардың, ғалымдар мен практиктердің республикалық және жергілікті деңгейлерде күш-жігерін шоғырландыруды талап етеді. Осы мәселені мектептік тамақтандырудың орталықтандырылған басқармасы секілді жаңа институт енгізу тұрғысынан қарастыру қажет.

Сенатор Үкімет басшысына мәселенің мән-маңызын жеткізе отырып, оның шешілуін жеке бақылауға алуын және тұтастай алғанда еліміздің барлық мектептерінде балаларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау үшін пәрменді шаралар қабылдау туралы талап қойды.

Әділбек Қаба

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317