Сенбі, 23 Қараша 2024
3377 58 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 08:50

Назарбаев партияластарын "ұрлық жасамауға" шақырды

Қазақстан билігінің "Нұр Отан" партиясының төрағасы, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі басқарып отырған партияның позициясын одан әрі күшейту керек деп мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Назарбаев партияның саяси кеңесінің кеңейтілген жиналысында наурыз айында жасаған "бес әлеуметтік бастама" бағдарламасындағы ипотека пайызын төмендеуге қатысты шенеуніктерге ескерту жасады. Ол партияластарына "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына мемлекеттен бөлінетін қаржыны "ұрламауға" шақырды. Бұл бағдарламаға сәйкес, азаматтарға пәтер алу үшін жылына 7 пайыз үстемақымен, алғашқы жарна 20 пайызбен, 25 жылға ипотекалық несие беріледі.

«Бізде әлі күнге дейін барлық қалалар мен аудандарда кезек бар [пәтер алуға]. Кімде-кім Германия, Франция немесе Америкада пәтер алуға кезекке тұрғанын көрдіңіздер? Бұл нонсенс. Себебі мемлекет тегін пәтер бермейді. Маған әлі күнге дейін зейнеткерлер хат жазады, пәтер беріңіз деп… жалға алатын пәтерлер бар. Қандай кезек? Парламент, министрлерге хат жазады. Елде тегін пәтер беру керек деген заң жоқ… Барлық партияластарыма айтамын: бақылауға алыңдар, дұрыс істеңдер, қаржыны ұрламаңдар! Халыққа дұрыс жетсін»,- деді президент.

Бұл жиналысқа партияның саяси кеңесінің мүшелерінен бөлек, мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыс және аудан әкімдері мен партияның барлық аймақтағы өкілдері қатысқан.

Abai.kz

58 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371