Сенбі, 23 Қараша 2024
4425 2 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 10:20

Путин Донбасты Шешенстанмен салыстырды

Ресей президенті Владимир Путин Донбастағы соғысты Шешенстандағы соғыспен салыстырып, Украинаның шығысындағы кикілжіңді шешу үшін Киев сепаратистер аумағына ерекше мәртебе беру керек, кезінде Мәскеу де Шешенстан республикасына осындай мәртебе берген деп мәлімдеді.

Путин Венаға сапары алдында аустриялық ORF телеканалына сұқбат беріп, Қырымды Украинаға қайтару мүмкіндігін жоққа шығарды. "Мұндай жағдай болуы мүмкін емес", – деп мәлімдеді ресейлік лидер. Ол сонымен бірге 2014 жылы Донбаста құлаған "Боинг" ұшағы апаты жайында да пікірін білдірді. Апатты зерттеу халықаралық тобы ұшақты ресейлік әуе күштері құлатқан деген тоқтамға келген.

Ресейдің ішкі жағдайына қатысты сұрақтарға жауап берген Путин өзі басқарып келе жатқан жылдары Ресейді ​авторитарлық мемлекетке айналдырды деген пікірге келіспейтінін жеткізді. "Бұл әрине, ешқандай шындыққа жанаспайды. Өйткені, біз демократиялық мемлекетпіз, Конституция аясында өмір сүреміз", – деді Путин.

Ол сонымен бірге Ресейде өзі өмір бойы басқару үшін референдум өткізуі мүмкін деген мәселеге "Мен алып-қашпа пікірге түсініктеме бермеймін. Бұл Ресей Федерациясы президентінің деңгейіне сай емес", – деп мәлімдеді Путин.

Владимир Путин 5 маусымда Венаға ресми сапармен барады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394