Үштілді жартыкеш тұлғаның алғашқы белгісі
"Бала кішкене кезінен 2-3 тілді жүйесіз қабылдайтын болса, онда ол жартыкеш тілді тұлғаға айналады. Мысалы, менің қызым қазір 1 сыныптан үш тілді де жеке пән ретінде оқып жатыр, былай сөйлейтінді шығарыпты: «У меня қасымда бойым бар» дейді. «У меня» орысша, «қасымда» қазақша, «бой» ағылшынша бала деген сөз. Сосын мен «менің бойым бар» деп айтып тұр екен деп ойлап, «иә, сенің бойың бар, бойың өседі» дедім. Сөйтсем, қызым түк түсінбейсің деп өзімді түзеді. «Бой» деген «мальчик» деп, ол сөздің орысша атауын берді. Сонда ол «мальчик», «boy», «бала» деген үш сөздің қайсысы оның ана тілінің бірлігі екенін ажырата алмай жатыр. Міне, үштілді жартыкеш тілдік тұлғаның алғашқы белгісі осы, салдары туралы ойлансам, қауіптер көп".
Анар Фазылжанның "Қазақстан-Замана" газетінде жарияланған «Жартыкеш тілді балалар жартыкеш тұлғаға айналады» атты мақаласынан үзінді
Abai.kz