Жұма, 15 Мамыр 2026
5816 0 пікір 14 Маусым, 2018 сағат 12:11

2026 жылы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді

2026 жылы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Олардың бірлескен өтініші Мәскеуде өткен FIFA конгресінде 67 пайыз дауысқа ие болды.

Тарихта бірінші рет футбол жарысы бірден үш елде өтетін болады. Осыған дейін АҚШ және Мексикада жеке-жеке өткен.

FIFA футбол ойындарын 23 қалада өткізуді жоспарлап отыр. Мексикада Мехико, Гвадалахара және Монтеррей қалаларында, Канадада Эдмонтон, Торонто және Монреаль шахарларында, ал қалған ойындар АҚШ стадиондарында өтпек. 2026 жылы әлем чемпионатын өткізуге Марокко да өтініш түсірген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2779
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1887