Иванов өзінің бұл ұстанымы үзілді-кесілді екенін мәлімдеді. Ол ешқандай қысымға, бопсалауға не қоқан-лоқыға түсіп қалмайтынын айтады. "Мен мұндай қиратушы келісімді қолдамаймын да, қол қоймаймын да", – деді президент. Ол НАТО-ға не Еуропалық одаққа кіру үшін мемлекеттің атауын өзгерту сауданың басты талабы емес деп атап өтті.
Осыған дейін Македония мен Грекия бұрынғы югославиялық республиканың атауына қатысты 27 жылға созылған дауда келісімге келгені айтылған. Македония премьер-министрі Зоран Заев 12 маусымда Афина мен Скопье Солтүстік Македония деген атауға келісті деген. "Енді артқа жол жоқ", – деп мәлімдеген Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас баспасөз мәслихаты кезінде.
Заев бұл келісім македониялықтардың этникалық және мәдени идентификациясын сақтап қалады деген. Ал Грекия премьер-министрі Македония мемлекетінің жаңа атауы ұлттық және халықаралық құжаттарда көрініс табады деген болатын.
Abai.kz