Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы
Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді. Бүгінгі таңда елімізде 130 неше ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Президентіміз Н.Назарбаевтың дара да дана саясатының арқасында олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүруде. Дінаралық диалог - мәдениеттердің бірігу негізі.
«Діннің тұтастығы - елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады», дейді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Иә, Мұсылман діні мен христиан діні - Қазақстанның рухани дүниесінің қос қанаты. Соның ішінде біз бүгін Қазақстандағы христиан діні жайлы сөз қозғамақпыз.
Православие діні –Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт екенін біреу білсе, біреу білмес. Діни сенім бостандығына құқық беру толыққанды рухани өмірге оралуға мүмкіндік берді. Егер 1956 жылы Қазақстанда барлығы 55 Орыс православ шіркеуі (ОПШ) қызмет етсе, 1999 жылы республика көлемінде 212 шіркеу қызмет етіп, 8 монастырь қызмет атқарған. Соңғы жылдықта бұл көрсеткіштердің өсуі байқалып отыр.
Христиан діні
Христиан діні (грек тілінен аударғанда Christos – «мәсіхтелген», «мәсіх») Палестина жерінде екі мың жыл бұрын пайда болған монотеистік дін.
Ислам және буддизммен қатар христиан діні де үш әлемдік діндердің қатарына кіреді. Көне Өсиет және Жаңа Өсиет Қасиетті Жазбалар болып табылады. Христиан дінінің негізгі қағидалары сенімнің тарихи үш нышандарында қысқаша түрде берілген: Апостолдық, Никейлік (немесе Никей-Константинопольдық) және Афанасийлік.
Православие бағытында Апостолдық нышан Никей-Константинопольмен шеттетілген. Бұл Бүкіл әлемдік соборларда Бірінші Никейлік (325 ж.) және Бірініші Константинопольдікпен (381 ж.) қабылданды.
Христиан сенімінің негізгі бөлігі құдайдың бейнелеуне, яғни адам келбетіне айналыуна, Иса Мәсіхтің адамзат үшін крестегі құрбандылығына, қайта тірілуі мен көкке ұшыуына, Мәсіхтің сөзсіз болашақта екінші мәрте қайтып келіуіне, өлгендердің болашақта қайта тірілуіне және тірілген соң мәңгілік өмір жалғасына сенеді.
Көптеген христиандықтар құпияларды – Құдайдың рақымы туралы сенушілердің хабарлауға қасиетті іс-шараларды орындау қажеттілігін мойындайды.
Православтықтар мен католиктер жеті құпияны мойындайды: шоқындыру, мира майын жағу (католиктерде – конфирмация), шырша майымен тазару, неке, жалбарыну, тәубеге келу, қасиеттілік.
Протестанттықтардың көпшілігі тек шоқындыру мен тәубеге келуді мойындайды (алайда мұны қарапайым ғұрып ретінде қарастырады).
Христиандық конфессияда көптеген бағыттар, ағымдар, деноминациялар бар. Негізгі бағыттары православие, католицизм және протестанттық.
Қазақстандағы православие
Православие діні – Қазақстанда дінге сенушілерінің саны бойынша исламнан кейінгі екінші діни бағыт.
Православие діні елімізде Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуы кезіндегі әскери қоныстарда пайда болды.
Оңтүстік аймақтарда алғашқы әскери діни қауымдар (кішкентай шіркеулер, сиыну үйлері) 1866 жылы Түркістан мен Шымкентте пайда болған.
1871 жылы Түркістан Епархиясы құрылған болатын. 1872 жылы Верный және Жетісу епархиялары тарапынан құрылған кафедраға қазақстандық архиерейлердің алғашқысы – архиепископ Сафония (Сокольский) сайланып, ол осы қызметін 1877 жылға дейін атқарды.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде шіркеулер салу XIX ғасырдың 80-ші жылдары басталды. Осылайша, 1901 жылдың өзінде Сырдария облысында күйдірілген кірпіштен қаланған сегіз шіркеу болған.
ХХ ғасырдың басында Түркістан (құрамына Қазақстанның көптеген аумағы кірген) аумағында 391 мың православ христиандар мен 306 шіркеу болған.
1917 жылы кеңестік биліктің орнауымен жетпіс жылды қамтыған ауқымды атеистік күрес басталды. Бұл күрес шіркеулерді жою, діни басшылықты қудалау, шіркеу меншігін тәркілеу секілді әрекеттерді қамтыды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Орыс православ шіркеуі тарапынан жауынгерлердің рухын көтеретін отансүйгіштік шақырулардың болуымен дінге қатысты белгілі жеңілдіктер басталды. Бұл фашист басқыншыларға қарсы халықтың рухын көтерді. Осы кездері Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады.
Православтық өмір салтын қайта орнына келтіру республикамызда 1945 жылы басталды. Осы жылы қасиеттілер қатарына қосылған, митрополит Николай (Могилев) алғашқы билеуші архиерейі болған Алматы және Қазақстан епархиясының негізі қаланды.
Ислам мен православие еліміздің маңызды рухани өміріне арқау болғандығы жайлы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет айтып өткен болатын.
Діни сенім бостандығына құқық беру толыққанды рухани өмірге оралуға мүмкіндік берді.
2012 жылғы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының талаптарына сәйкес, республикада діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісі жүргізілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда Митрополиттік аймақ республикалық діни бірлестігін, сондай-ақ 9 епархияны қосқанда православ шіркеуінің 329 діни бірлестіктері қызмет етеді.
Православ қауымдастықтарының едәуір басым бөлігі Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында тіркелген.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан бастап Орыс православ шіркеуі, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округ мемлекеттің серіктесі болып, қоғамдағы тұрақтылық пен конфессияаралық бейбітшілікті сақтауға бағытталған саясатта ерекше маңызға ие болуда.
Қазіргі таңда Қазақстанда православ шіркеуінің 329 діни субъектісі және 295 православиелік діни ғимараттары қызмет етеді. Сонымен қатар, елімізде Армян апостолдық шіркеуі және 5 түрлі бағыттағы православ шіркеуі қызмет етеді.
Католицизмнің Қазақстанда таралуы
1991 жылы Рим Папасы Иоанн Павел ІІ Қазақстан мен Орта Азия үшін Апостолдық Әкімшілік құрды. Епископ Ян Павел Ленга бұл Әкімшіліктің әкімшілігі болып сайланды.
1997 жылы Орта Азия республикаларының приходтары Қазақстанның Апостолдық Әкімшілігінің қарамағынан шығарылып, «suiiuris» (өзінің құқығы), яғни өзін-өзі басқару мәртебесін алды.
1999 жылы Қазақстандағы Апостол Әкімшілігін Қазақстанның Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Қарағанды епархиясына өзгертті, сонымен қатар, үш жаңа: Астана, Алматы және Атырау Апостол әкімшілігі құрылды.
Сонымен қатар, мұндай құрылымдар Қасиетті Тақ тәжірибесінде экстраординарлы болып табылады және барлық жерде епархиялар мен архиепархияларға алмастырылуы тиіс.
Протестантизм
Протестантизм – православие мен католицизмнен кейінгі христиандықтың негізгі діни ағымдарының бірі. XVI ғасырларда Еуропаның бірқатар елдерінде реформацияның нәтижесінде ауқымды антикатоликтік қозғалыс кезінде пайда болды.
Лютерандық
Лютерандық – неміс реформаторы Мартин Лютердің (1483-1546) іліміне негізделген протестанттық шіркеу.
2016 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша Қазақстан Республикасында 13 Інжілдік-лютеран шіркеуі тіркелген.
Баптизм
1860 жылдың аяғы мен 1870 жылдың басында Ресей жерінен Қазақстан мен Орта Азияға шаруалар мен саудагерлердің қоныс аударуы алғашқы евангелдік топтардың пайда болуына негіз болды.
2016 жылдың 1 сәуіріндегі есеп бойынша ҚР 174 ІХБ субъектісі тіркелген.
Меннониттер
Меннониттер Қазақстанға Ресей империясы мен Кеңес Одағының түрлі аймақтарындағы немістердің қоныс аударуымен тарала бастады.
2011 жылдың басында елімізде 6 діни бірлестік болды. Оның біреуі (1) ғана қайта тіркеуден өтті.
Методизм
2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 13 діни субъектісі тіркелген.
Елуіншілер
Басқа діни бірлестіктер сияқты «Елуіншілер» де Қазақстанда ХХ ғасырдың 90-жылдары пайда болды. Қазіргі таңда ең ірі шіркеу – «Жаңа өмір» болып табылады. Одан кейін «Өмір бұлағы» шіркеуі едәуір кең таралған.
2016 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша Қазақстан Республикасында аталған қозғалыстың 216 субъектісі тіркелген.
Пресвитерандық шіркеуі
Пресвитериандық – протестантизм конфессиясы бағыттарының бірі және шіркеу ұйымының басты формасы.
2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында ресми тіркелген діни субъектілердің саны – 107.
Оның 80 – діни бірлестік және 27 – филиал.
Abai.kz